TELEGRAM РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ

30.06.2023

Сүйінші! Қазақ тілі Telegram'да ресми тілдер қатарына қосылды. Әзірге iOS пен Android жүйелеріндегі қолданбасында және браузер (web) нұсқасында бар.

Telegram'ға қазақ тілін қосу үшін қолданбаның баптауындағы "Тіл" деген тармаққа кіріп, тізімнен "Қазақша" дегенді таңдайсыз.

Қазақ тілі Telegram'ға түркі тілдері арасында түрікше мен өзбекшеден кейін үшінші болып қосылды.

Бұған дейін Telegram'ның қазақшасы тек сілтеме арқылы beta нұсқа түрінде таратылған.

Telegram'ның негізгі аудармашысы Мұрат Кәрібайға (@translation_kk) және @QazaqGrammar мен @QazaqshaJaz'дағы барлық белсендіге алғыс білдіреміз.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру