«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҚАЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРІГІП ӘДІСТЕМЕ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ

19.06.2023

Түркиядағы Қажы Байрам Вели университетіндегі кездесу барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін түрік азаматтарына оқыту әдістемесін бірігіп дайындауды ұсынды. Сондай-ақ, осы жоғары оқу орнының әдебиет факультеті заманауи түркі диалектілері кафедрасы ұстаздарымен және қазақ тілін үйреніп жүрген студенттермен кездесті.

Түркиядағы бұл жоғары білім ошағы қазіргі әлемдегі түркі тілдерін жіті зерттеп келе жатырСоның ішінде қазақ тілі бойынша қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны туралы айтып берді.

Орталық өз тарапынан қазақ тілін үйрету бойынша әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тәжірибеде қолданыста жүрген тіл үйрететін өнімдерді табыстап, әмбебап оқулықты таныстырды.

Ең бастысы, Қажы Байрам Вели университеті ұжымы тарапынан қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс бар. Осы жолдағы қалған шаруа өзара ынтымақтастық аясында бірігіп жүзеге асатын болады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий