ЖЕКЕ КІТАП ҚОРЫН ТАРТУ ЕТУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

07.12.2023

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосын көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тіл ғылымының абызы, отандық ономастиканың атасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Телғожа Сейдінұлы Жанұзақовтың өмір бойы жиған жеке кітапханасын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне тарту етуіне арналған тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Лиза Қожаққызы салтанатты шарада ұлағатты ұстаз, айтулы тұлғаға Бас директордың Құттықтау хатын табыс етті. Онда былай делінген: «Адал қызметіңіз бен айналаңызға таратқан тағылымды үлгі-өнегеңіз Сізді әрқашан абырой биігіне көтеріп келеді. Күні бүгінге дейін бір ғана Сіздің жетекшілігіңізбен 6 докторлық және 16 кандидаттық диссертация қорғалып, отандық ғылым қазынасына үлкен олжа болып қосылды»

Сондай-ақ, нағыз мәрттіктің үлгісін көрсетіп, жалпыға бірдей ортақ пайдалануға ұсынып жатқан Т.Жанұзақовтың білім қазынасы – жеке кітап қорына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Парижде тұсауы кесілген Таңдамалы шығармаларын сыйға тартты.

Комментарии (0)
Оставить комментарий