ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

12.12.2023

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-азына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын мен Әдістеме LAB жетекшісі Жазира Искакова Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының жаңадан жабдықталған Қожа Ахмет Яссауи кітапханасының ашылу рәсіміне қатысты.

Түрік Республикасының Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Мустафа Капуджу қатысқан салтанатты шарада кітапхана қорына қазақ тіл ғылымының атасы, ұлы реформатор Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріндегі таңдамалы шығармаларын табыс етті.

Бірден айту керек, «көрген де арманда, көрмеген де арманда» төрт кітаптың тұсауы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы аясында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде кесілген еді.

«Тіл-Қазынамен» тығыз байланыста келе жатқан Түрік мәдениет орталығының айтулы шарасына еліміздің зиялы қауымы мен Түркияның Қазақстандағы ұйымдары өкілдері қатысты.

Комментарии (0)
Оставить комментарий