ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ

20.12.2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін, линвист-ғалымдарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ведомстволық төсбелгімен марапаттады.

Соның ішінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын тіл саласын дамытудағы белсенді еңбегі үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.

Әріптесімізді құттықтай отырып, еңбегіне табыс тілейміз!

Комментарии (0)
Оставить комментарий