"IT кеңістікке арналған қазақ терминологиясы" байқауы

05.04.2024

“Тіл-Қазына” ҰҒПО 2 мамыр – 9 маусым аралығында республикалық байқау өткізеді. Байқаудың мақсаты – кәсіби терминшілер легін қалыптастыру. Биылғы байқау ақпараттық технология саласының терминдеріне арналады.

Байқаудың жүлде қоры:
Бас жүлде – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
I орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
II орын – 100 000 (жүз мың) теңге.
III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 (жетпіс мың) теңге.
Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 (жиырма бес мың) теңге.
 

Байқаудың ЕРЕЖЕСІ - https://drive.google.com/file/d/1tLBMjGetoyvESFEtTBW-Eanzm8UmQm41/view?usp=sharing


Байқауға қатысу үшін өтінімді termincom2021@gmail.com электрондық поштасына 2024 жылдың 2 мамырына дейін жолдауға болады. Өтінім қабылданған соң https://termincom.kz/ сілтемесі арқылы «Қазақ терминологиясының электрондық Алаңына» тіркелу қажет.

Салмақты жүлде қорын қанжығалап, салиқалы терминолог болғыңыз келсе, республикалық байқауға қатысыңыз!

Комментарии (0)
Оставить комментарий