Популярное
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ2-қараша күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға Тіл саясаты комитеті Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистика басқармасының басшысы Айнагүл Көкен, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов, қазылар алқасының төрағасы, ф.ғ.д., академик Шерубай Құрманбайұлы, қазылар алқасының тұрақты мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі, Elsana Аmanat қоғамдық қорының президенті, мәдениеттанушы Серік Ерғали қатысып, байқау жөнінде құнды пікірлерімен бөлісті.
-
В ТУРЦИИ ПРОВЕДЕНА НАУЧНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ, ПОСВЯЩЕННАЯ 150-ЛЕТИЮ АХМЕТА БАЙТУРСЫНУЛЫ1 ноября 2022 года в рамках ТЮРКСОЙ в городе Стамбуле (Турция) проведена научная конференция «Ахмет Байтурсынулы и тюркская цивилизация», посвященная 150-летию Ахмета Байтурсынулы. Мероприятие проведено Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан по поручению Президента Касым-Жомарта Кемелулы Токаева. Модератором конференции выступил вице-министр науки и высшего образования РК Ешенкулов Талгат Ильясулы. Т. Ешенкулов отметил: «Ахмет Байтурсынулы – общая для всех тюркских народов великая личность. Его учение отличается реформаторскими идеями в международном научном пространстве, особенно в гуманитарных науках тюркского мира».
-
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНА – 25 ЖЫЛ2022 жылғы 1 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Исқақова Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының шаңырақ көтергеніне ширек ғасыр толуына орай ұйымдастырылған «Тіл тағдыры – ел тағдыры» республикалық конференция жұмысына қатысты.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті. Байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен студент, магистранттардан бастап ғылым докторы, аудармашы, іс жүргізуші, мұғалімдер және т.б. саладан әр түрлі жастағы азаматтар қатысты.
-
БІЗ – АЛАШТЫҢ ҰРПАҒЫ2022 жылғы 28 қазанда Астана қалалық Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында семинар форматында өткен кездесу сабағының тақырыбы осылай деп аталады. Нұрша Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы Алаш идеяларын мектеп тәжірибесінде іске асыру және олардың еңбектерін жас ұрпаққа кеңінен ұғындырып, дамытуды мақсат еткен бұл іс-шараға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Жазира Мақсұтқызы Ысқақова қатысты.
-
АҚАҢ ЖЫЛЫНЫҢ АЙТУЛЫ ТАБЫСЫЕлімізге сүйіншілеп жеткізетін жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты (директоры С.А.Жүсіп) мен Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығы (директоры Р.Имаханбет) бірлесіп, Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми гранты негізінде ұлт ұстазының 12 томдық мұрасын даярлап, жарыққа шығарды. Бұл осы жылдың ірі мәдени-интеллектуалдық еңбегі деуге толық негіз бар.
-
«ГҮЛІСТАН БИТ-ТҮРКИ» МЕН «ХҰСРАУ УА ШЫРЫН» МӘТІНІН ТРАНСКРИПЦИЯЛАУ ШАРТТАРЫТүркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштер мәтіндерін транскрипциялау мәселесі В.В.Радлов, В.Л.Васильев, К.Г.Залеман, Н.А.Баскаков, Е.И. Убрятова, А.А. Зайончковский т.б. ғалымдардың зерттеу нысанында болды. Ориенталистер шығыс әдебиетіне қатысты мәтіндерді транскрипциялауда әркім өз транскрипциясын ұстанбай, белгілі бір лингвистикалық нормалар мен дәстүрлерге бағыну керектігін ескерткен. Сөйтіп, В.В.Радлов, В.Л.Васильев және К.Г.Залеман «Жалпылингвистикалық әліпби» (Общелингвистическая азбука) атты еңбекте орыс графикасының артықшылығын атай отырып, араб таңбаларына арналған фонетикалық әліпби құрастырды. Әліпбидің негізгі принциптері төмендегідей: 1) әрбір дыбыс белгілі бір таңбамен белгіленуі керек; 2) әрбір әріп бір ғана фонетикалық мағынада қолданылу керек; 3) негізгі дыбыстарды қандай да бір диакритикалық белгілермен таңбаламай, жай ғана белгілерді қолдану керек [1].
-
«ҰЛТТЫҚ СИПАТТАҒЫ БИЗНЕС ТЕРМИНДЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІБүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық онлайн байқауының үшінші кезеңі онлайн форматта өтті. Байқаудың бұл кезеңі «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталып, қатысушылар өлкенің берекесін келтіріп, ырысын арттыру, кәсіптің көзін ашу, әлемдік және қазақы бренд қалыптастыру, заманауи бизнес жетістіктеріне қатысты тақырыптар аясында онлайн режимде Jamboard онлайн тақтасында эссе жазды. Жазылған эсселер PDF форматында сақталып, қазылар алқасына жіберілді.
-
МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ2022 жылғы 22 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов ұжымды Мемлекет басшысының Жарлығымен ұзақ жылдардан кейінгі үзілістен соң, алғаш рет атап өтіліп жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтады.
-
4472 СОТРУДНИКА ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ ПОСЕТИЛИ КУРСЫ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКАПо словам председателя Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Адильбека Кабаева, количество жителей страны, желающих выучить казахский язык возросло в разы. Явным показателем повышения спроса на изучение казахского языка, является увеличение количества частных языковых центров и курсов. Государственными языковыми центрами также созданы условия для бесплатного изучения населением казахского языка.
-
АҚИҚАТТЫҢ АЛДАСПАНЫ, НАМЫСТЫҢ НАРКЕСКЕНІ2022 жылғы 20 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов ұлы жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты.
-
ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ ЗЕЙНЕП БАЗАРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ ЖАРЫҚ КӨРДІАхмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Зейнеп Мүслімқызы Базарбаеваның 70 жас мерейтойы қарсаңында «Интонология», «Қазақ фонологиясының негіздері», «Казахская интонация», «Типологическое исследование интонации вводных единиц» және «Тұлғалар» атты ғылыми еңбектері жарық көрді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ҚҰЛШЫНЫС АРТТЫCоңғы жылдары қазақ тілін үйренуге деген құлшыныстың арта түскені байқалады. Әрине, оның басты себебі қазақ халқы санының өскендігі. Қазақша ойлайтын, қазақша түс көретін, ана тілінде сөйлеп, жазатын азаматтар қатары өскен сайын тілге деген сұраныс та, талап та арта түсері анық. Бұдан бөлек, бүгінгі күнде қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары өзге ұлт өкілдерінің қатары да күн санап өсіп келеді.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҮРКІТАНУ2022 жылдың 13 қазаны күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінде өткен осы республикалық дөңгелек үстелге қатысты.
-
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ2022 жылғы 14 қазан күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған медицина саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары қасиетті Қарағанды жерінде анықталды.
-
«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ2022 жылғы 14 қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды онлайн марапаттау рәсімін өткізді.