Популярное
-
АНКАРАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫ АРАЛАДЫАрнаулы делегация Түркияның Анкара қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып, осы білім ордасы ұжымымен қазіргі ақпараттық технологияларға сүйенген қоғам өміріндегі жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың рөлі туралы пікір алмасты. Осыдан үш жылға жетер-жетпес уақыт бұрын ашылған бұл кітапхананың басты ерекшелігі Анкарадағы Президент кешенінің ішіне орналасқан.
-
«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҚАЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРІГІП ӘДІСТЕМЕ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫТүркиядағы Қажы Байрам Вели университетіндегі кездесу барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін түрік азаматтарына оқыту әдістемесін бірігіп дайындауды ұсынды. Сондай-ақ, осы жоғары оқу орнының әдебиет факультеті заманауи түркі диалектілері кафедрасы ұстаздарымен және қазақ тілін үйреніп жүрген студенттермен кездесті.
-
«КӨКТУ» - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕЛШІСІТүрік қоғамында өзінің орны бар бұл қазақ қауымдастығы халқымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, ана тілімізді үйрету бағытында белсенді қызмет жасап келеді. Осы мақсатқа арналып өтетін түрлі халықаралық шараларға да ат ізін құрғатпай араласып отырады екен. Делегацияның арнайы кездесуі олардың жүрегінде намыс отын қоздатып, жаңа бастамаларына жігер берді.
-
АБАЙ ИНСТИТУТЫ ЮНУС ЭМРЕ ИНСТИТУТЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТТЫЮнус Эмре институты дүниежүзіне түрік тілі мен мәдениетін тарататын ірі орталық. Әлемнің 50-ден астам елінде филиалы бар. Институт тіл үйрету мәселесімен ғана шектелмей, кино, музыка, әдебиет саласында да ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Абай институты» да елімізде әрі шетелде қазақ тілін үйрету ісімен айналысады.
-
ТҮРКИЯНЫҢ «TÖMER» ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУДАШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Түркия Республикасы Хаджеттепе университетінің түркология бөлімі жанындағы «TÖMER» түрік және шет тілдерін оқыту, қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп, тіл үйрету бағытында ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге келді.
-
ТҮРКИЯ САПАРЫ: «TURKTAV» ҚОРЫМЕН БАЙЛАНЫСДелегация мүшелері Түркия Республикасы Түрік тарихы және мәдениеті (TURKTAV) қоры қызметкерлерімен кездесті. Аталған қордың маңызды мақсаттарының бірі әлемнің мәдени құндылықтарымен түбі бір түркі жұртымен өзара алмасу және осы байлықты бірлесіп пайдалану, кеңінен насихаттау болғандықтан, бұл кездесуге құшақ жая ұмтылғанын бірден түсінуге болады. Кездесу өзара түсіністік және іскер бағытта өрбіді.
-
ҚР ТҮРКИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ МЕН «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОРТАЛЫҒЫ ҚАНДАСТАР ҮШІН ТІЛ ҮЙРЕТУ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНБАҚТүркияда арнаулы іссапармен жүрген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жауапты қызметкерлерінің арнаулы делегациясы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сапиев Еркебұлан Оңалбекұлымен кездесті.
-
АНАДОЛЫ ЖЕРІНДЕ2023 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Түрік Республикасында қазақ тілін оқыту мәселесі бойынша бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, тәжірибе алмасады.
-
ҚЫЗЫҚТЫ ДӘРІСТІҢ ЖАЛҒАСЫ2023 жылғы 8 маусым күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдестері» республикалық онлайн-семинары өз жұмысын одан әрі жалғастырды.
-
ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ2023 жылғы 7-9 маусым аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өңірлік Тілдерді оқыту орталықтарына арнап «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізеді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТМен ақиқатты меншіктене алмаймын, тек қисындар схемасын ғана ұсына аламын. – Серікбол Қондыбай, ифолог. Қазақ емлесінің дертіне дауа кирилше жазуда табыла қойған емес. Емле дертін жауырды жаба тоқып, лекерлеп келе жатқанымыз рас. Сол себепті жазу реформасы шынында да өзекті. Бірақ... Ал енді жаңа латынша қаріп емлені «сол дерттен» айықтыра ала ма?! Бұл жайындағы тартыс лайық шешімге апара ма, әлде оны бұрынғыдан да өршіте ме?
-
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОРТАҚ ӘЛІПБИ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2023 жылғы 29 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын мен Орфография басқармасының басшысы София Қажыақбарқызы Түркі Академиясы Түркі мемлекеттері ұйымы хатшылығының, Түрік тілі қоғамының және Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих бас мекемесінің қолдауымен Астана қаласында өткен Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының бірінші отырысына қатысты.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ҚАЗАҚ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚАЙДАН ТУҒАН, ҚАШАН ШЫҚҚАН?Кіріспе Еуропадағы Француз төңкерісі, Анадолы байтағындағы «Танзимат» реформасы, Түрік Тәуелсіздік майданы – өнер мен әдебиеттің негізгі шабыт қайнар көзін қалыптастырды. Түркістан алабындағы саяси және әлеуметтік оқиғалар да бұдан кенже қалған жоқ. Патшалық Ресей дәуірі болсын, большевиктік кезең және Сталин дәуірінде болсын, бұл дүмпулер келешекке алаңдаушылықты, үміт пен толқыныстарды да тудырды, дәуірінің ақын-жазушыларын тереңнен толғантты.
-
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ2023 жылғы 26 мамыр күні Тіл саясаты комитеті Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көкен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын, Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы Атырау облыстық тіл оқыту әдістемелік орталығының іс-тәжірибесімен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.