Популярное
-
«МАХМҰД ҚАШҚАРИ КІТАПХАНАСЫ» АТТЫ КІТАП БҰРЫШЫ АШЫЛДЫАлматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында «Махмұд Қашқари кітапханасы» атты түрік әдебиетінің кітап бұрышы ашылды. Аталған бастаманы Түркия Республикасының Алматы бас консулдығы, «TURKTAV» түркі тарихы және мәдениеті қоры және Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп жүзеге асырды.
-
ӘР СӨЗДЕ МЫҢ ӘУЕН БАРТілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Байынқол Қалиұлының «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деп аталған еңбегі 2014 жылы жарық көрген еді. Бүгінгі сырашарға арқау еткелі отырғанымыз – сол сөздіктің биыл қолымызға тиген заңды жалғасы, яғни 2-томы.
-
БУРАБАЙДА ЖАС ҚАНДАСТАРЫМЫЗБЕН КЕЗДЕСТІ2023 жылғы 10 шілде күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай» институтының жетекшісі Айгүл Әділбекқызы мен Тіл HuB бөлімінің жетекшісі Мөлдір Бақытқызы Бурабайдағы Шучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебі базасындағы көрме жұмысына қатысты.
-
Жүсіпбектің «Мәдени кіндігі»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен «авторы Жүсіпбек Аймауытұлы» деп көрсетілген шығарма табылды» деп айтқан еді. Шынында да, алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолында атқарған істері әлі зерделеуді қажет етеді. Жүсіпбек Аймауытұлының өміріне қатысты төмендегі дерек те осыны айғақтайды.
-
Түркия қазақ тілін оқыту әдістемесін дамытуға көмектеседіБиыл 12-15 маусым аралығында Түркияның астанасы Анкарада бірнеше ұйымның кездесуі өтті. Онда келіссөз жүргізіліп, рухани-мәдени, әдістемелік байланыс орнату туралы меморандум жасалды. Солардың ішінде тілді оқыту әдістемесіне қатысты да бірқатар құжатқа қол қойылды. Кездесу барысындағы маңызды мәселелерді кеңінен түсіндіру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орнынбасары Абзалбек Ғабитпен сұхбаттастық.
-
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АНА ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЕРЕЖЕСІЕреже Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың баспа және электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАБИҒИ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІЕлім дегеннің бәрі тәуелсіздік алғалы бері «Қазақтың жаны үшін күрес жүріп жатыр!» деп дабыл қағып келеді. Ал қазақтың жаны – қазақ тілі. Бүгінгі таңда «Қазақ тілі орыс тілінің көлеңкесінде қалмай ма?» деген түйткілді сұрақ ескірді. Демографиялық өсімнің арқасында бұл дерттен айықтық. Бұған 2021 жылғы ұлттық санақтың қорытындысы дәлел: Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтардың үлес салмағы жиырма пайызға жетпейді. Бірақ технологиялардың, әсіресе медиакеңістіктің ұлғаюы, ғаламтор қолданысының кеңеюі нәтижесінде алдымыздан жаңа бір сұрақтар менмұндалап шығып отыр.
-
ТАРАЗДА ТАҒЫЛЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІЖамбыл облыстық Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру, сонымен қатар, БАҚ-тарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тіл мәдениеті, тіл тазалығын сақтау, қазақ тіліндегі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «БАҚ және тіл мәдениеті: тілдік нормалар» атты республикалық семинар ұйымдастырды.
-
ҰЛАНҒАЙЫР ДАЛАНЫҢ РУХАНИ САҚИЫӘбіш Кекілбаевтың 1997 жылы кемеңгер жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арнап жасаған баяндамасында оны «ұлы даланың рухани сақиына» теңеген еді. Ал сол сақилығына тамам ел тәнті болған, адамзат мойындаған классиктердің қатарында есімі аталатын ұлы Мұхтар Әуезов: «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына дейін түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын», – деп жазған еді ертеректе. Ендеше, оны шығарушылардың өзі ұлттың ұлы ұстазы, қазақтың зиялылары, алаш көсемдері аталып отырған тұлғалар болған, сол тұстағы, кейінгі жылдарда жарық көрген газеттің бәріне көшбасшы болған «Қазақ» газетіне де сақилықты теңей айтсақ, артық етпес.
-
НАСУЩНАЯ ПРОБЛЕМА: ОБСУЖДЕНИЕ И ПРЕДЛОЖЕНИИ26 июня 2023 года председатель Комитета по языковой политике Министерства науки и высшего образования РК Е.Тлешов провел встречу с известными юристами и лингвистами страны для обсуждения актуального вопросам по научной-методологии языка законодательства и системы унификации терминов.
-
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІАннотация. Мақалада еліміздің цифрлық индустриясын құру аясында лингвистикалық білім беру кластерінің даму мүмкіндіктері және классикалық филологияның цифрлық трансформациялану жолдары талдауға алынған. Лингвист-мамандарды цифрлық қоғамға кәсіби дайындаудың жаңа үлгілері көрсетіліп, нақты ұсыныстар берілген. Кілт сөздер – цифрлық Қазақстан, цифрлық қоғам, трансформациялану, цифрлық лингвистика, лингвистикалық білім беру.