ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАРАЗДА БАС ҚОСТЫ

31.03.2023

Бүгін Тараз қаласы, «Қоғамдық келісім» үйінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешовтің бастауымен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.

 

«Дөңгелек үстел» отырысының мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, оны алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру.

Комментарии (0)
Оставить комментарий