Қазақша мәтінді дыбыстайтын Telegram-бот іске қосылды

26.05.2023

Елімізде «Тіл-Қазына» орталығының IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірлеп, іске қосты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдырып, түрлендіре алады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарды, жаңалықтар мен мақалаларды, оқу материалдарын және басқа да мәтіндерді әртүрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Осыған орай, пайдаланушылар аталған ботты өз контактілеріне қосып, оған бірден қазақ тіліндегі мәтінді жібере алады», делінген жазбада.

Ботты телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады.

«Бот мәтінді жылдам әрі сапалы дыбыстап, пайдаланушыға аудиофайлды кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды. Қазіргі уақытта бот Айгүл мен Дәулеттің дауысы арқылы дыбысталады», делінген жазбада.

https://egemen.kz/article/342878-qazaqsha-matindi-...

Комментарии (0)
Оставить комментарий