ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

06.06.2023

2023 жылғы 6 маусымда Республикалық терминология комиссиясының отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық статистика бюросы ұсынған жекелеген терминдерді, әлеуметтік және бизнес салаларының терминдерін, орта білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын информатика, физика, астрономия пәндерінің және 2021-2022 жылғы терминшілер конкурсының нәтижесі бойынша ұсынылған терминдерді бекіту туралы мәселе қаралды.

Аталған терминдердің бәріне де алдын ала ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, көпшіліктің қатысымен талдау мақсатында «termincom.kz» сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.

Комиссия отырысында барлығы 750 термин қаралды.  

Отырысқа Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың жауапты өкілдері қатысты.

Комиссия шешіміне сәйкес мақұлданған терминдер «Терминологиялық хабаршы» электронды журналында жарияланатын болады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий