Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы жапон ғалымдарына табысталды

18.07.2025

Токио қаласындағы Жапон тілі мен лингвистикасы ұлттық институтында (NINJAL) өткен ғылыми кездесуде орталығымыздың бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай Ахмет Байтұрсынұлының «Таңдамалы шығармалар» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын NINJAL директоры Кикуо Маэкаваға сыйға тартты.

 

Институт өкілдері кітапты зор қуанышпен қабылдап, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен жан-жақты танысуға ниетті екендерін білдірді.

 

«Бұл құнды еңбекті институт кітапханасына орналастырамыз, барлығымыз оқып, танысамыз», – деді NINJAL директоры Кикуо Маэкава.

Комментарии (0)
Оставить комментарий