Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады - Е.Тілешов

31.07.2017

     Өз сөзінде қазіргі күні мемлекеттік тілді үйрету, насихаттау бойынша портал, сайттардың іске қосылып, қоғам игілігіне пайдалануға берілгендігі жөнінде хабарлады. Және де аталған портал, сайттардың жұмысын көпшілікке қолжетімді ету мақсатында мобильді қосымшаларының да әзірленгендігін және жылдам жүктеу жүйесінің де жұмыс жасап жатқандығын атап өтті.

 

     - Қазақ тілінің әдістеме саласына келер болсақ, қазіргі таңда Орталық әдіскерлері мен мамандары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Қазақ тілін модельдер арқылы оқытудың мультимедиалық нұсқасын» және «Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік құралын әзірлеп жатыр. Бұл әдістемеде тіл үйретуге қажетті сөздер сұрыпталып, күнделікті қолданылатын сөздердің минимумы алынды. Оның өзін белгілі бір деңгейге бөліп қарастырамыз. Алғашқы қазақ тілінің 137 сөзін білсеңіз, осы тілді түсініп, өзара қарым-қатынас орната аласыз. Біз сөздердің күнделікті қолданылу жиілігіне қарай, 137 сөзді таңдап, бастапқы деңгейге оқу-әдістемелік құрал шығардық. Ендігі кезекте осы құралдың жалғасы ретінде 500 сөзге құрастырылған оқулықты әзірлеп жатырмыз, -деді Е.Тілешов.

Комментарии (1)
user1878
27.03.2024
😊 очень ждем лучшую методику быстрого изучению Казанского языка
Оставить комментарий