«Қазіргі терминология: ұлттық немесе жаһандық» әдістемелік онлайн-семинары

19.11.2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазіргі терминология: ұлттық немесе жаһандық» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинарын өткізеді.

Әдістемелік онлайн-семинардың өзектілігі қазақ терминологиясын ғылым тілі ретінде қалыптастыру, терминдерді жүйелеу және біріздендіру, бірнеше баламасы қатар қолданылып жүрген шеттілдік терминдерді игеру мәселесін шешуге негізделеді.

Ұйымдастырылып отырған онлайн-семинардың мақсаты – қазақ терминологиясындағы ұлттық сипат пен жаһандық мәселелердің аражігін ашу, шеттілдік терминдерді игерудегі сәтті тәжірибемен бөлісу.

Терминдердің бірізді қолданылуын қамтамасыз ету – терминология саласындағы ең өзекті мәселе. Өйткені кей терминдердің түрлі баламада қолданылуы, яғни теледидар, газет-журналдарда, оқулықтар мен әдебиеттерде түрлі баламаларының қатар жүруі, оның ішінде сәтсіз баламалардың болуы қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға кедергі келтіруде.

Онлайн-семинардың баяндамашылары нақты салалардағы жекелеген терминдердің әртүрлі баламада қолданылу фактілеріне тоқталып, авторлық қолданыстағы сөздер мен терминдерді ең дұрыс нұсқа деп есептеудің ұлттық терминологияны жетілдіруге тигізетін әсері мен салдарын талқылайды.

Сондай-ақ семинарда сала мамандары мен жұртшылыққа әдістемелік жағынан қолдау көрсету көзделеді.

Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық termincom.kz сайтының ютубтағы каналынан көре алады.

 

Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7а.

Басталуы: сағат 10.00.

 

Байланыс телефоны:                      8(7172) 27-30-42

                                                         8(702) 384-02-77

Комментарии (0)
Оставить комментарий