Қазақ тілін IT технологиялар арқылы меңгертудің тиімділігі

14.02.2020

Бүгінгі күні кез-келген сабақ беру ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегінсіз мүмкін болмай бара жатыр. Оқыту әдістемесінде анимация, бейнежазба және аудио материалдарды пайдалану тіл үйренушінің сөйлеу әрекетін, зейінін дамытуда маңызды орын алады. Сондықтан сабақ барысында интербелсенді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жиі қолданып оқытудың қажеттілігіоқыту сапасының артуыназор ықпалын тигізеді.

Шайсұлтан Шаяхметов атындығы «Тіл-Қазына» ұлттық-практикалық орталығының Qazlatyn.kz порталында мемлекеттік тілді кирилмен және латыннегізді қазақ әліпбиімен оқытудың бірнеше мобильді қосымшалары берілген. Барлық мобильді қосымшаларды Android немесе iOS арқылы телефонға жүктеуге болады. Олар –Sozdikqor.kz, Tilmedia, Qujat.kz, Atau.kz, Emle.kz, Termincom.kz, ILES, Zerek bala, Sózdi tap, Jasyryn sózвеб-сервистері. Осы сервистердің ішінде басымдықтыTilqural.kz веб-сервисіне беруге болады. Өйткені бұл сервис тілді оқытудың қарапайым, базалық, орта деңгейіне арналған. Сондай-ақ мемлекеттік тілді кирилмен де, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиімен де үйретуде тіл мамандарына беретін әдістемелік көмегізор. Tilqural.kz веб-сервисіндегі 24 лексикалық тақырып аясындағы тапсырмаларды тиімді меңгерту арқылы тіл үйренушіні А1 деңгейіне жеткізуге болады.

«Сәлемдесу», «Танысу», «Менің отбасым», «Неше жастасың?», «Туған күн», «Құттықтау», «Келбет», «Мінез», «Менің мамандығым», «Жұмыс», «Қайда? Неде?», «Апта күндері», «Мекенжай», «Нешінші пәтерде тұрасыз?», «Бос уақыт», «Менің сүйікті ісім», «Ауа райы», «Мезгіл», «Түстер», «Азық-түлік», «Дүкенде», «Асханада», «Киімдер», «Сауда орталығында» лексикалық тақырыптары мен тапсырмалары коммуникативтік білік-дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Әр лексикалық тақырыпқа сөздік ұсынылады. Сөздікте коммуникацияда жиі қолданылатын сөздер, фразалар мен сөйлеу клишелері беріледі. Лексикалық тақырыптың мазмұнына сәйкес келетін қазақ тілінің грамматикасынан да толыққанды ақпарат ұсынылады. Мәселен, бірінші «Сәлемдесу» тақырыбында дыбыстарға фонетикалық сипаттама беріледі, артикуляциясы түсіндіріледі. Екінші сабақтатәуелдік форманың жалғану заңдылығы мысалдармен дәлелденіп, сөздердің тәуелдену үлгілері ұсынылады. Алғашқы тақырыпты меңгергеннен кейін тест тапсырмасын орындау арқылы келесі тақырыпты меңгеруге жол ашылады. Тест тапсырмаларында «суретарқылы сөзді табу», «дұрыс құрастырылған сөз тіркесін табу», «сұраққа жауап беру арқылы сын есімдерді табу», «сурет пен қимылдарды сәйкестендіру» тәсілдеріне қызықты тест сұрақтары құрылған.

Әсіресе «Кейіпкер не айтты?» интерактивті тапсырмасы өте ұтымды. Кейіпкердің айтқан сөйлемін тыңдап, экранда берілген бірнеше сөйлемдерден дұрыс нұсқасын тауып сәйестендіру тапсырмасы – тіл үйренушінің қазақ тілін тез меңгеруіне әкелетін оңтайлы тәсілдердің бірі.

Сондай-ақ мемлекеттік тілді үйретуде Sozdikqor.kz порталын да пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады. Ол – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа. Sozdikqor.kz порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе контекстегі қолданысын табуға болады. Бұл порталдағы мүмкіндіктерді А2, В1, В2, С1, С2 деңгейлерінде тіл үйренушілердің сөздік қорларын, тілдеріндамыту мақсатында қолдану тиімді.

Сондай-ақ латын әліпбилі қазақ тілі мен жаңа емле ережелерін меңгертуде «Tilmedia», «Емле», «Qujat.kz», «Atau.kz» сервистерінің түрлі мүмкіндіктерін паудалануға болады.

IT технологияларды қолдану – тіл үйренушілердің тілге деген қызығушылығын арттырып, жылдам меңгеруге жағдай жасайтын бірден-бір тиімді құрал деп санаймыз.

 

Төлегенова Гүлзейнеп Балтабайқызы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме басқармасының аға әдіскері

Комментарии (0)
Оставить комментарий