ЖЫЛДЫҢ ТҮЙІНДІ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

14.12.2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 14 желтоқсанда Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген онлайн отырысын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 21 қазандағы тапсырмасына орай Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобы латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарып келеді.

Ғылыми ізденіс пен еңбектің нәтижесінде әліпбидегі бірқатар таңбаларға өзгеріс енгізіліп, жетілдірілген әліпбиге негізделген емле ережелері дайындалды. Осы мақсат аясында бірқатар халықаралық семинар ұйымдастырылды, түркі халықтарының тәжірибесі сараланды, жетілдірілген әліпбиге сынама-сауалнама жұмыстары мен апробациялық сабақтар өткізілді, емле ережелері тәуелсіз сарапшыларға беріліп, қорытындысы алынды.

Жыл бойы атқарылған жұмыстар мен шаралардың нәтижесінде жетілдірілген әліпби жобасы дайындалып, Мемлекет басшысына ұсынылғаны баршаға аян. Алдағы уақытта жетілдірілген әліпби нұсқасы мен емле ережесін Ұлттық комиссияның қарауына жіберу көзделіп отыр.

Бұл онлайн отырыста Ұлттық комиссияға ұсынылатын емле ережелері, пернетақта нұсқалары талқыланып, бекітуге ұсынылатын нұсқа таңдалып, негізделіп, Ұлттық комиссияға ұсыну жоспарланып отыр.

Шараға жобаның жұмыс тобы мүшелері мен елімізге танымал сала мамандары, сонымен қатар бұқаралық ақпарат өкілдері қатысады.

Қатысушылардың тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылауға қатысуға мүмкіндігі бар.

Байланыс телефондары:

тел: 8 (7172) 27-30-40.

ұялы тел: 8-778-353-16-42.

е-mail: tilalemi.kz@gmail.com

 

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 14 желтоқсан

Басталу уақыты: 15:00.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7/а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ конференц-залы.

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий