Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелерімен Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өтті

16.01.2018

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Достық үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсенді мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Елбасының үштілділікті дамыту, латын әліпбиіне көшу, терминология мәселесіне қатысты тіл жанашырларының пікірлері тыңдалды.

Шара соңында Президент мәлімдесінде айтылған басым бағыттардың жүзеге асырылуына барлық күш-жігерлерімізді салу қажеттігіне шақырған қоғам мүшелері, өз тілектерін білдірді.

Комментарии (0)
Оставить комментарий