РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАНДАНДЫ

28.05.2021
Жамбыл облысының тілдерді дамыту басқармасының мәліметі бойынша, Тараз қаласында «Таза қалаға – таза жарнама» акциясын жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті әлеуметтік желідегі өз ресми парақшасында былай деп жазды: «Акция барысында қаланың орталық көшелері мен даңғылдарындағы көпшілік орындар, соның ішінде сауда үйлері, шағын дүкендер, дәріханалар, тамақтану орындары және т.б. нысандар тарапынан Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 21-бабының сақталуы зерделенді».

Көрнекі ақпараттары мен жарнамаларының мәтіндері көрсетілген заңның талаптарына сәйкес келмеген нысандардың иелері мен қызметкерлеріне тиісті әдістемелік көмек көрсетіліп, орын алған кемшіліктерді жоюға уақыт берілуде.

Акция жалғасуда.

 

Р.s. Жамбыл облысында тіл саясатын жүзеге асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен толығырақ таныс болу үшін https://www.facebook.com/zh.tilderdidamytu сілтемесіне өтіңіз.

Комментарии (0)
Оставить комментарий