«Рухани жаңғырған ел болудың өзегі - мемлекеттік тіл» атты тілдерді дамыту басқармасының қорытынды мәжілісі болып өтті

09.02.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылдың 31 қаңтарында «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызының қатысуымен «Рухани жаңғырған ел болудың өзегі - мемлекеттік тіл» тақырыбында мәжіліс өткізді.

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасымен ұйымдастырылған мәжіліске Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы; облыстық басқармалардың басшылары, облыстық басқармалардың, департаменттердің тілге жауапты мамандары; аудан және қала әкімдерінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарлары; қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, бас мамандары; облыстық, қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, оқытушылары; қоғам өкілдері; жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері мен іс жүргізушілері; орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері; балабақшаларда қазақ тілін үйрететін мұғалімдер; бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Мәжілісті Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жақыпова Марал Қажыкенқызы жүргізді. Мәжілістің алғы сөзі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызына берілді. «Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындылары және 2018 жылдың міндеттері туралы» Жақыпова Марал Қажыкенқызы баяндама жасады. Мәжіліс барысында «Қазақ тіліне қызығушылықты балабақшадан қалыптастырудың маңыздылығы» туралы «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі Маментикова Айгүл Аманжолқызы, «Мектеп қабырғасында қазақ тілді орта құрудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері» жайлы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің пәнінің мұғалімі Қарасартова Шаттық Каналбекқызы, «Қоғамның қозғаушы күші ретінде жастарға ұлттық тәрбие-білім беру жолдары» тақырыбында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы,«Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту міндеттері» туралы Атбасар аудандық сотының судьясы Шарапатов Асқар Ахметоллаұлы, «Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге жанашырлығы мен жауапкершілігі» тақырыбында Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Асылбек Байжұма, «Ересектерге мемлекеттік тілді оқыту барысындағы өзекті мәселелер» жөнінде Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Төлекеев Қаратай Байкенұлының баяндамалары тыңдалды. Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, тіл жанашары Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы бүгінгі қоғамдағы қазақ тілінің жағдайы мен болашағы туралы тұшынды ойларымен бөлісті. Баяндамалар аяқталғаннан кейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызы қорытынды сөзінде барлық мемлекеттік мекемелерге 2018 жылы атқаратын жұмыстарына тапсырма жүктеді. Бұдан соң мәжіліс қатысушылары пікір алмасып, Ақмола облысының тұрғындарына тіл жанашырларының Үндеуі жолданды.

Мәжіліс соңында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін жетілдіру, тілдік орта қалыптастыру мақсатында атқарып отырған қажырлы да нәтижелі еңбектері үшін жыл қорытындысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттарымен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызы, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қадырова Гүлмар Ерғалиқызы, Щучинск қаласындағы экология және орман шаруашылығы колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Усенова Гүлжан Жиеншеқызы, Ақкөл ауданы «Минск ОМ» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директоры Хадыр Мұратбек, «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелеік орталығы» КММ-нің оқытушысы Тоқушева Айман Сейілбекқызы, Көкшетау қаласының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Жетпісбаева Арман Тасболатқызы, Ерейментау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Хасенова Анар Жолдыбайқызы, Ақмола облысы қаржы басқармасының бас маманы Жиенбаев Думан Рамазанұлы, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Есқақов Дәулет Ғалихайнарұлы, «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Беркінбаева Айдын Болатқызы, «Көкшетау» газетінің шолушысы  Бәйішева Гәкку Асылбекқызы, «Жақсы жаршысы» газетінің тілшісі Дәуренбекова Гүлден Ерболқызы марапатталды.

Комментарии (0)
Оставить комментарий