Қазақ тілі оқулығына МС Сайлаубектің есімі енгізілген

26.02.2018

Киікбай Жақыпұлы есімді Facebook қолданушысы Назарбаев мектебіне түсу үшін тапсыратын сынақ кітапшасында МС Сайлаубек туралы сұрақ жүргеніне наразылық білдірді. Ол Сайлаубек туралы кітапшаны видеоға түсіріп, «Айтарым жоқ… не болып кетті! », – деп жазды. Бұл жарияланым 152 рет бөлісіліп, қызу талқыға түсті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сайлаубектің есімі тест кітапшасына не мақсатпен енгізілгені белгісіз. Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген оқулықта «МС Сайлаубектің «Айтуға оңай», «Пусть говорят» телебағдарламалары арқылы танылғаны айтылады. Бұған қоса оның жасы, қай жердің тумасы екені егжей-тегжейлі жазылыпты.

Ал соңында «МС Сайлаубекті жұлдыз болуына не әсер етті?» деген сұрақ қойылады.

Мұны көрген көпшілік сурет фотошоп деп сенімсіздік білдірсе, бірқатары кітапқа енген осындай мысалдардан соң елдің болашағына күмән келтірген.

Комментарии (0)
Оставить комментарий