Көп оқылғандар
-
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ МАТЕРИАЛДАР ТАБЫЛДЫБиыл ЮНЕСКО аясында мерекеленіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы 16 қараша күні Түркістан қаласында жалғасады. Халықаралық түркітанушылар конгресінің бағдарламасына сәйкес Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Башқұртстан және еліміздегі белді университеттердің белгілі ғалымдары баяндамалар оқиды.
-
АХАҢ АТЫ АЛАТАУДА АСҚАҚТАДЫ2022 жылғы 11 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Алматы қаласында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
-
ШЕТТІЛДІК ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ: ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ2022 жылғы 11 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Шеттілдік ғылыми терминдерді аудару: теориясы мен тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
-
ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2022 жылғы 10 қарашада Мемлекеттік терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жедел-қызметтік іс-қимылдарында, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі қызметкерлерінің жұмысында қолданылатын, бұдан басқа энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларының терминдері талқыланды. Бұларға алдын ала ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, талдау мақсатында «termincom.kz» сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫ АҚТӨБЕДЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ2022 жылғы 10 қарашада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Ақтөбе қалалық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Адал сөз бен тұғырлы тіл тұлғасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ЖАЙЛЫ ОНЛАЙН СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫБүгін Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме басқармасы ұйымдастырған «Қазақ тілін оқытудағы белсенді әдістер мен технологиялардың практикумы» республикалық семинарының екінші күні. Тыңдаушылардың зор қызығушылығын тудырған семинарда КИМЭП университетінің лекторы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ләйлә Ерменбаева «Ересектерге қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесіндегі оқылым дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» атты баяндама жасап, мәтінмен жұмыс істеу барысында пайдаланатын жаңаша әдістер мен тапсырмалардың түрлерімен, интернет ресурстармен таныстырды, мәтінді әзірлеудің алгоритмдері жайында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
-
«ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ БАР БОЛҒАНЫ 5% ҚҰРАДЫ2022 жылғы 9 қарашада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ғимаратында ұлттық компаниялардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ІІІ тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысы талданды. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады» делінген.
-
«ШЕТТІЛДІК ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ: ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ2022 жылғы 11 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Шеттілдік ғылыми терминдерді аудару: теориясы мен тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
-
ОСАКАРОВКАЛЫҚ ҰСТАЗДАРҒА ІТ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ2022 жылғы 8 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы Қарағанды облысы Осакаров аудандық білім бөлімінің арнайы сұранысы бойынша аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған онлайн конференцияға қатысып, ІТ жобалар туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПРАКТИКУМЫ2022 жылдың 9-10 қарашасында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасы «Қазақ тілін оқытудағы белсенді әдістер мен технологиялардың практикумы» республикалық онлайн семинарын ұйымдастырады.
-
ДӘРІС ОҚЫДЫ2022 жылғы 4 қарашада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында өткен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларының біліктілігін арттыруға арналған «ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының мазмұны: деңгейлердің қиындық дәрежесі» тақырыбындағы курс жұмысына қатысып, «Жазылым бөлігінде мазмұндама мәтіндерін таңдау әдістері» туралы дәріс оқыды.
-
АХАҢНЫҢ «ӘЛІППЕСІ» – АЛАШ РУХАНИЯТЫНЫҢ УЫЗЫАхмет Байтұрсынұлына бағышталып, сонау 1923 жылы М.Әуезовтің аузымен айтылған «Алаштың рухани көсемі» атты дөп табылған анықтама-теңеу бүгінде арада ғасырлық уақыт-шама өтсе де, ешкім күмәнданбайтын аксиомаға айналып отыр. Ұлттық азаттықты ту еткен Алаш қозғалысының алыс арманындағы стратегиялық мақсаты – жеке отау ұлттық мемлекет құру болғаны сөзсіз. Десек те, алдымен қалың ұйқыдағы қазақты оятар рухани-мәдени төңкеріс қажет болды. Алаш белсенділерін алғаш ұйыстырған Қарқаралы жәрмеңкесіндегі басқосуда саяси талаптардан гөрі ұлттың рухани-мәдени сұраныстары (қазақ мектебі, қазақша сот, қазақ газеті т.с.с.) мәселесінің басымдығы да осында жатқан еді. Қазақ қоғамына қарулы көтерілістен бұрын қаламға сүйенген рухани-мәдени төңкеріс қажеттілігі біз әлі күнге тергеп-тексеріп түгесе алмай жатқан Алаш (жәдитшіл) ағартушылығы феноменін дүниеге әкелді.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ2-қараша күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға Тіл саясаты комитеті Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистика басқармасының басшысы Айнагүл Көкен, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов, қазылар алқасының төрағасы, ф.ғ.д., академик Шерубай Құрманбайұлы, қазылар алқасының тұрақты мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі, Elsana Аmanat қоғамдық қорының президенті, мәдениеттанушы Серік Ерғали қатысып, байқау жөнінде құнды пікірлерімен бөлісті.
-
ТҮРКИЯДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ2022 жылғы 1 қарашада ТҮРKСОЙ аясында Ыстамбұл қаласында (Түркия) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. Шараны Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы жүргізіп отырды. Т. Ешенқұлов: «Ахмет Байтұрсынұлы – түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға. Оның ілімі халықаралық ғылыми кеңістікте, әсіресе, түркі әлеміндегі гуманитарлық ғылымдарда реформаторлық идеяларымен ерекшеленеді», – деп атап өтті.
-
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНА – 25 ЖЫЛ2022 жылғы 1 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Исқақова Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының шаңырақ көтергеніне ширек ғасыр толуына орай ұйымдастырылған «Тіл тағдыры – ел тағдыры» республикалық конференция жұмысына қатысты.