Көп оқылғандар
-
МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!Тіл – жалпы ұлтқа ортақ қазына, ал оның түйткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін тұсын түзетіп, өрісін кеңейту – баршамыздың міндетіміз. Осы орайда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағы мен «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін шығарып келеді. Орталық қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысып жүрген тіл жанашырларына қаламақы төлейді.
-
ЖУРНАЛИСТЕР ДОДАСЫ БАСТАЛЫП КЕТТІБұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2022» байқауына материал қабылдау жүріп жатыр. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы, жас ғалым Мөлдір Бақытқызына осы туралы жолыққанымызда, жан-жақты әңгімелеп берді. «Тіл саясаты комтитеті ұйымдастырып жатқан дәстүрлі байқау биыл он жетінші рет өткізілмекші. Журналистер арасында қаншалықты кең тарағанын, былтырғы сайыс қорытындысы арқылы көз жеткізуге болады: төрт жанр бойынша 131 қалам иесінен 300-ге жуық материал келіп түсті. Әрі жыл санап, қатысушылар саны артып келе жатқанын байқауға болады»,– деді Мөлдір Бақытқызы.
-
А.БАЙТҰРСЫННЫҢ ОРФОГРАФИЯ ТУРАЛЫ БАЯНДАМАСЫ (Бірінші бүкілодақтық түркітанулық сиез, Бақы қаласы)Байтұрсын. (Қол шапалақтау). Ең алдымен емледен не талап етілетінін мәселе етіп қою қажет. Одан талап етілетіні – тіл дыбыстарын сәтті де дәл жеткізу. Екінші, бұл емле оқып-үйренуге жеңіл болуы керек. Бұл екеуі – негізгі талаптар. Мына жерде дау шығып отыр. Бірі емле әліпбимен байланысты десе, екінші біреулер ондай байланыс жоқ дейді. Шын мәнінде емле, әліпби жетілмеген болса, әліпбимен байланысты болады. Мысалға орыс әліпбиін алайық. Орыс әліпбиінде кемшіліктер бар, мысалы: «е», «ю», «я». Жалғастырайық. Профессор Щерба: «хвасталса және хвастался», – дейді. Не себепті бұлай шатыстырады? Себебі – «а» дыбысына сәйкес келетін таңба жоқ. Мәселен, «дарю» «даю» сөздерінен «ю»-дің тіптен екі басқа айтылатынын көріп отырсыз. Демек, орыс әліпбиінде сәйкес таңба жоқ. Енді мына сөздерді алып қарайық: «тебе», немесе мысалы: «чтение», немесе «доброе».
-
Мақала жазып, қаламақы ал!"Тіл-Қазына" орталығы қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл – жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйіткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін түсін түзету ортақ міндет.
-
А.БАЙТҰРСЫННЫҢ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПРИЦИПТЕРІ ТУРАЛЫ БАЯНДАМАСЫ (БІРІНШІ БҮКІЛОДАҚТЫҚ ТҮРКІТАНУЛЫҚ СИЕЗ. (БАҚЫ ҚАЛАСЫ)Байтұрсын (қол шапалақтау). Менің баяндамам біздің, қазақ ғылыми және әдеби қызметкерлерінің, халық әдебиеті үшін терминологияны қалай түзіп жатқанымыз туралы және, екіншіден, терминдерді жасағанда қандай приципті ұстанатымыз туралы болады. 1. Термин жасау жөніндегі негізгі ойларым тезистерде айтылған, онымен Съезд делегаттары таныс болар. Менің бұл баяндамам оларға, негізінде, жаңа ештеңе де қоспайды. Қосып, толықтырудан гөрі негізгі ойларымды түсінідруші, нақтылаушы сипатта болады. Тезисте мазмұндалғандардың айқындығы сондай, түсінбестік туғыза қояр ма екен. Тек мазмұн ықшамдығы айтқан ойларымды дұрыс түсінуге аздап көлеңке түсіруі мүмкін; сондықтан мен баяндамамда тезисте айтқан ойларыма сүйене отырып қажетінше нақтылау шегінен шықпай сөз өрбітпекпін.
-
ҒЫЛЫМ ҚУҒАН ӘРБІР ІЗДЕНУШІ МАҚАЛАСЫ «SCOPUS»-ҚА ШЫҒАДЫШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының бас менеджері, жас маман Нұржан Бижомартұлының көлемді мақаласы «Scopus»-та ағылшын тілінде жарық көрді. Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетелік, «Scopus» – ғалымдардың есімін дүниежүзілік ғылым әлемінде танымал етудің басты критерийлерінің бірі. Сондықтан, ғылым қуған әрбір адам өз саласындағы позициясын нығайту үшін, әрі рейтингісін көтеру мақсатында ол жерде жариялануға ынтазар.
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2022 жылғы 4 шілде күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне «Мемлекеттік тапсырма аясындағы және басқа да жұмыстардың орындалуы туралы жарты жылдық есептер: нәтиже, ұсыныс, жетістіктер мен кемшіліктерге талдау» туралы мәселе ұсынылды. Орталықтың басшысы, Кеңес төрағасы Е.Тілешов атап өткендей, Қоғам жұмысын үйлестіруде Ғылыми алқаның орны бөлек. Бұл орталық жоспарлау мен саралау бойынша тиянақты іс атқарып келеді. Жалпы ағымдағы жылдың алғашқы жартысы кең ауқымды іс-шаралармен көмкерілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату бағытында атқарылған халықаралық деңгейдегі бас қосулардан бастап, әр басқарманың қызу қызметті жүзеге асырды. Бір сөзбен айтқанда, тіл майданында толас болған жоқ. Алда әлі атқарылар іс көп.
-
АХМЕТТАНУ ҚҰПИЯСЫАхмет Байтұрсынұлы туралы Қызылорда облыстық архивінде тың деректер табылған. Жас ғалым Айдана Махамбет «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві. 184 қор. 1-тізімдеме, 17-іст» қарап Ахмет Байтұрсынұлы өміріне қатысты тың құжаттарды оқырман назарына ұсынды. Құжатты тапқан Айдана замандасымыз оның ғылыми айналымда жоқ екенін айтады. Оқырманға арналған шағын сұхбат Ахмет Байтұрсынұлын зерттеу мен зерделеу ісі туралы әңгіме қозғайды.
-
МӘСКЕУГЕ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ2022 жылғы 27 маусым-2 шілде аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Мәскеуге ғылыми экспедиция құрамында барды. Бір аптаға созылған бұл шоқтығы биік шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу аясында ұйымдастырылды. «Дүниежүзі болып атап өтіп жатқан мерейлі дата тұсында Ахаңның ізі қалған құжаттар табылып қалады-ау деген әлемнің біраз архивтеріне экспедиция жасау ұйғарылған еді. Оның ішінде Финляндияның астанасы Хельсинки қаласынан бастап, Ресей, Өзбекстан секілді мемлекеттер бар. Күні кеше ғана Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттік архивінен оралдық.
-
ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ«Тіл және Қоғам» алманахының биылғы жылғы №1 (55) саны жарық көрді. Оқырман асыға күткен басылымның бұл саны Қазжақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасмы Әділбек Қабаның «Ұлт ұлыларын ұлықтайды» деген алғысөзімен ашылған. «Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» алманахы басылымында көрнекті түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, рухани көсем Ахмет Байтұрсынұлы туралы белгілі тіл білімі саласы ғалымдарының мақалалар топтамасы жарық көріп отыр. Бұдан басқа, басылым беттерінен, әдеттегідей, тіл оқыту, үйретудің әлем¬дік озық ғылыми жетістіктері туралы жарияланымдармен таныса аласыздар. Бұл айтылғандардың ізденуші әдіскерлер мен тіл мамандары һәм қарапайым оқырман үшін үлкен олжа болары анық.
-
ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ТАБЫСТЫ ӨТТІ2022 жылғы 30 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы, жас ғалым Мөлдір Бақытқызы «Қазпошта» Акционерлік қоғамы орталық басқару аппараты мен өңірлердегі барлық филиалдарының өкілдеріне қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ жобаларды таныстырды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты Комитеті тапсырысымен өткен шараға 340 адам қатысты.
-
ӘРІПТЕС САПАРЫ2022 жылғы 28-30 маусым аралығында тәжірибе алмасу мақсатында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақанова Жұпар іссапармен келді. Үш күндік іссапар барысында Жұпар Рысқұлқызы Орталық Бас директорының орынбасары Лиза Қожаққызымен және Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Мақсұтқызымен кездесті. Іскер пікір алмасулар барысында қазіргі өңірлік орталықтардың хал-ахуалы, өзекті мәселелері, қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе отырып атқарылатын жұмыстар талқыланды.
-
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ-ӘДЕБИ ОЙЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОҒЛЫНЫҢ РӨЛІҮнемі айтатын ойымды сіздермен бөліскім келеді: Түркі әлемі бірлігінің бір жолы – ортақ тарихи тұлғалар арқылы бірігу еді... Бүгін біз Манасымызды, Орхон жазуымызды, Деде Қорқытымызды, Юнус Эмремізді, Несимиді, Әлішер Науаиымызды, Физулиімізді, Абайымызды, Мақтымқұлымызды және ең соңында Байтұрсуноғлымызды және басқа да зиялыларымызды мақтанышпен және қуанышпен айтамыз... Біз бүгін осындай ұйымға жиналып жатсақ, түркі әлемінің ортақ ұлы тұлғаларына қарыздармыз... Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пікірінің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсуноғлы – 20 ғасырдың басындағы қазақтар арасындағы ең маңызды зиялылардың бірі. Байтұрсуноғлы қазақтың тәуелсіз болуын, мәдениеті мен өркениетіндегі заманауи елдердің қатарынан орын алуын мақсат еткен зиялы қауымның алдыңғы қатарында өз орнын алды.
-
ЕСТИТІН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕСТІ ЖУРНАЛИСТИКАСЫЖурналистикасы мықты елде ғана ой еркіндігі бар. Мықты журналистік қауым – қоғамдық пікірге құлақ астыра алады. Ал қоғамдық пікірге құлақ асатын елде билік пен халықтың арасында алшақтану болмақ емес. Бұл орайда еркін ой мен бостандық рухын биік ұстап, елдің әлеуметтік мәселелерін өткір көтеріп жүрген журналистеріміз жетерлік. Олардың телеарна, радио, газет-журнал, ақпараттық портал мен әлеуметтік желідегі белсенділігін күнде көріп жүрміз. Халық үніне құлақ асатын, яғни еститін мемлекеттік билігі бар елде ел үнін естірте алатын есті журналистиканың қалыптасуы уақыт талабы. Бүгінде ел аумағында хабар тарататын 4873 отандық БАҚ бар, шетелдігі -278. Қуантарлығы отандық БАҚ саны артып келеді. БАҚ саны көбейген сайын, бәсекелестік артып, таратылатын ақпарат сапасына да үлкен мән берілетіні анық.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЛЕНИНГЕ ХАТЫ ЖӘНЕ АЛАШ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ СЕБЕБІАлаш жолы – Тәуелсіздік кепілі һәм Ұлттық идея негізі болуға лайық рухани құндылық. Бұл жол – мемлекетімізде өмір сүретін әрбір жеке азаматтың өмір сүру сапасын арттырудан бастап, ел қауіпсіздігіне дейінгі өзекті мәселелерді қамтитын асыл мұра. Алаш – мемлекеттілікті күшейтетін, ондағы институттардың қызметін дамытатын, ел азаматының бойында патриоттық рухты арттыратын төл топырағымызда өнген, өзімізге тиесілі табылмас ұлттық құнды қазына. Алаш оқымыстыларының бойында ұлтшылдық сезімі неден туғаны жайында Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы Ленинге орыс тілінде жазған хатында ашық айтылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінен бұл құнды жәдігерді тауып, қазақ тіліне аударып, тұңғыш жариялаған – алаштанушы ғалым, профессор Зарқын Тайшыбай.
-
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯА.Байтұрсынұлы кейбір танымдық бағыттағы еңбектерінің мәтіндері арқылы, ғылым тілінің де дамуына қолданбалық тұрғыдан үлес қосып, алғашқы негізін қалаған ғалым. Құсқа қатысты ойлары сол бағыттағы ізденістерінің бір парасы. Құстар туралы мақалаларында олардың түрлерін тізіп берумен ғана шектелмейді, орнитологиялық классификациясын жасайды, қазақтың құстанымдық ілімімен сабақтастыра отырып, қасиеттерін сипаттап береді. Сипаттау барысында қолданған сөздері, сөз тіркестері, сөйлемдері және олар арқылы беріліп жатқан ақпараттар ұлттық табиғатымен әрі заманына сай өзінің жаңаша үлгілерімен ерекшеленеді. Құстар туралы баянындағы тілді қолдану шеберлігі арнайы талдауларды талап етеді, өйткені қазақ тұрмысында құстың өзіндік орны болғанмен, А.Байтұрсынұлына дейін олардың ғылыми тілде классификациясы мен сипаттамасын жасаған ғалымдар болған жоқ.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒАБүгін белгілі түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған ғылыми конференция өтті. Конференцияда сөз алған Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев: «Қазақ халқының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист А. Байтұрсынұлының қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі болып табылады»,- деді.