Көп оқылғандар
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ2022 жылғы 2 маусым күнгі «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинарының үшінші басқосуын Орталық бас директорының орынбасары Л.Есбосынова ашты. Бұл жолы осыған дейін семинар барысында өтілген материалдарды практикада қолдану мәселесі қаралып, әр орталықтың үлгі-сабақтары талданды, қатысушылар кері байланыс арқылы пікір алмасты. Семинардың үшінші күнінің ерекшелігі туралы сұрағымызға Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова: «Әуелі уақыт үнемдеу, одан кейін талқылауымызды тиімді, әрі сапалы өткізу үшін әр қатысушыға алдын ала тапсырмалар жібердік.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛЫ ІСІ СӨЗ БОЛДЫ2022 жылғы 1 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» кезекті дәрісі өз жалғасын тапты. Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған еді. Іс-шара тізгінін қолына алған филология ғылымдарының докторы, профессор Қаламқас Қалыбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазу теориясының негізін салушы» деген тақырыпта жүргізді. Ғалымның өзі айтқандай, тақырыбына көз салсақ, бұрын-соңды жиі айтылып жүргендіктен, енді не айтылар екен дегендей, елең ете қалады екенсің. «Өткен ғасырдың басында Елдес Омаров: «Осы қайраткерді күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бәрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді», – деп жазған екен. Сол айтқандай әлі күнге дейін мына үш мәселеге үстіртін қарап келеміз.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ2022 жылғы 1 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар өз жұмысын жалғастырды. Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Мақсұтқұызы іс-шараның кезекті басқосуына сәттілік тіледі. Дәрістердің негізгі мақсаты қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуге байланысты болғандықтан, олардың бір-бірімен байланысты екенін ескертіп, сабақ барысында өзара пікір алмасып отыруға шақырды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛЫ ІСІ СӨЗ БОЛДЫ2022 жылғы 1 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» кезекті дәрісі өз жалғасын тапты. Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған еді. Іс-шара тізгінін қолына алған филология ғылымдарының докторы, профессор Қаламқас Қалыбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазу теориясының негізін салушы» деген тақырыпта жүргізді. Ғалымның өзі айтқандай, тақырыбына көз салсақ, бұрын-соңды жиі айтылып жүргендіктен, енді не айтылар екен дегендей, елең ете қалады екенсің. «Өткен ғасырдың басында Елдес Омаров: «Осы қайраткерді күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бәрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді», – деп жазған екен. Сол айтқандай әлі күнге дейін мына үш мәселеге үстіртін қарап келеміз.
-
БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚТіл саясаты Комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Елордамыздағы №67 «Шұғыла» балабақшасына барып, тәрбиешілер мен бүлдіршіндерді құттықтады. Айналасы мұнтаздай таза, ауласы сәбилердің сыңғырлаған күміс күлкісіне тұнған ақ шаңқан әдемі ғимарат ару астанамыздың көркіне көрік қосып тұрғандай еді. «Мекеме осыдан тоғыз жыл бұрын пайдалануға берілген. Негізінен үш жүз орынға есептелінген. Қазір жас ерекшелігіне қарай 12 жалпы білім беру тобы мен 3 инклюзивті топ жұмыс жасайды, – деді меңгеруші Фарида Даримова. – Бала тілін қазақтың көркем әдебиеті мен бейнелеу өнерінің туындылары арқылы дамытып, сөздік қорын молайтып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі орталықтар жұмыс жасайды».
-
ШОҚТЫҒЫ БИІК ШАРА2022 жылғы 31 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырып жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» алғашқы дәрісі өтті. Елімізге танымал үлкен ғалымдар, еліміздің өңірлік тіл оқыту орталықтарының мамандары мен шетелдегі тіл оқытушылар қатысқан басқосу саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ауқымды іс-шараның алғашқы шымылдығын Орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» тақырыбындағы ғылыми штрихтар мен детальдерге құрылған кең құлашты дәріспен ашты.
-
СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ2022 жылғы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар өз жұмысын бастады.
-
ҚАРАЛЫ КҮНДЕР ҚАЙТАЛАНБАСЫН!31 мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі алаштанушы ғалым Ербол Тілешов ұжым мүшелерін Елордамыздың іргесіндегі «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне бастап апарды. Сталиндік зұлым саясаттың салдарынан тірілей тозаққа түсіп, жазықсыз жаладан адам төзгісіз азап шеккендердің рухына бас иіп, дұға етті. Шынында, мұражай экспонаттары тамұқ азабынан бір мысқал кем түспейтін сол бір нәубетті көз алдыңа әкелгендей еді.
-
«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОҚУЛАРЫ ӨТЕДІ2022 жылғы 31 мамыр-2 маусым аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында онлайн режимде «Тіл-Қазына» оқуларын» ұйымдастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты көпшілікке білім, тіл, әдебиет, мәдениет, бойынша қазақша ақпарат беру арқылы ұлттың рухани сұранысына жауап беру болып табылады. – Түрлі тақырыптарды қамтитын бұл оқулар арқылы, бірінші кезекте, қызығушылығы бар тыңдармандардың филологиялық білімін жетілдіру жүзеге асырылады, – дейді олар. – Білікті ғалым Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» туралы тереңнен қозғаса, орталықтың ғалым хатшысы Нұрлыхан Нұроллақызы «Мәтінге синергетикалық, лингвокогнитивтік талдау үлгілері» деген тақырыпта 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырып, әдемі ой тербемекші.
-
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ РЕФОРМАТОРЫXХ ғасыр даналарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның өмірі, тағдыры, мұрасы – оның ғасырдың ұлы перзенті екендігінің айғағы. Ол күрескен кесапаттар – надандық, қараңғылық, ұйқышылдық, адами хайуандық, отаршылдық, ұлттың азуы мен тозуы, оның бұратаналық болмысы, жараланған жан жарасы, құлшылдық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының болашақта болу-болмау альтернативасы. «Ұлт ырысы», «өркениет ырысы», «олжалы жерде үлестен», «ордалы жерде орыннан», «жоралы жерде жолдан» қазақ халқы қалмауын ойлаған, «ұлттық құтқару майданының сардары, ХХ ғасырдағы ұлттық ренессанстың бастауы Ахмет Байтұрсынұлы планеталық ойшылдар қатарынан орын алары даусыз.
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС БАС ҚОСТЫ2022 жылғы 27 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Отырыс барысында Орталық биылғы жылы алғаш ұйымдастырғалы отырған «Тіл-Қазына оқулары» жоспары бекітіліп, шығармашылық басқармалардың ғылыми жұмыстары ұйымдастырылуының жәй-күйі қаралды. Айта кетейік, «Тіл-Қазына оқулары» мазмұнында мәтінге әдебиеттанушылық, тілтанушылық талдау жасаудың қазіргі бағыттардағы тәжірибесі көпшілікке ұсынылмақ. Шығармашылық басқармаларының ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында түрлі идеялар ортаға салынып, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, ірі компаниялармен байланыстар орнату мәселесіне назар аударылды.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ2022 жылдың 31 мамыр-3 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырады.
-
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТЕТІН «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫАкцияның мақсаты «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өткізіледі.
-
АКАДЕМИКТІ АСҚАРАЛЫ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ2022 жылғы 25 мамыр күні Тіл саясаты Комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Ербол Тілешов ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ жаратылыстану ғылымы Ұлттық Академиясының вице-президенті, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Кәрімбек Құрманәлиевті қабылдап, асқаралы 60 жасына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құттықтауын табыс етті. Кәрімбек Арыстанбекұлы мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында еңбек етумен бірге, еліміздегі білім, ғылым саласына айрықша үлес қосып келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзіне тән батыл пікірімен елімізге танымал болды.
-
ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ (Аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына байланысты салтанаттағы сөз)Ол – кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер. Кемеңгер. ...Ұлттық төл элита əлі қалыптасып үлгермеген еді. Оқығандар шашыранды жұрттан шыққандықтан бас қосып, күш біріктіруге құлықты емес еді. Мұндай жағдайда əлгіндей тəуекелге бел байламақ түгілі, ол жайында ойланудың өзі ақылға сыймас батылдық еді. Соған айдаладағы ауыл мұғалімінің қалай жүрегі тұрғанына қанша таңғалсаң да көптік етпейді. Бұл жағынан келгенде, Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға. Бəлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қорқыт, Асан қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер. Ол рас. Бірақ, Ахмет Байтұрсынұлы оларға ұқсайды да, ұқсамайды да.