Көп оқылғандар
-
Әлібек АСҚАР: ТІЛ КҮРЕСІ – ДАМЫЛСЫЗ КҮРЕСАң атаулы азығы үшін Құдайдың атпа күні жорыққа аттанып, жердегі жыбырлаған жәндікке дейін таң атысы, күн батысы тыным таппай жүреді емес пе. Қыста ұйқыға кететіндері жаз бойы жемін тасып әлек болады. Олардың тірлігінің мәні сол. Адамда рухани ұлы мән бар ғой. Адамды сондай дәрежеге жеткізіп, айуандар әлемінен айырып алған нәрсе – тіл. Сөйлеуі арқылы ерекше дүниетанымға ие болды. Сан ғасырлар бойы ұлттық ерекшелігін дамытты. Ендеше сол тілді өзге тілдің жойқын ықпалынан құтқару үшін, ғылым мен білім арқылы еніп жатқан жаңалықтарға жұтылып кетпей, керісінше, осы істің көш басында тұруы үшін күресу қажет болмай ма.
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ»Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 2020 жылғы 14 қазан күнгі ұйымдастырған өзге ұлт жастары арасындағы республикалық онлайн байқау осылай деп аталады.
-
ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ЖАТҚА ЖЫР ОҚЫДЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясын жариялаған еді. Байқаудың шарты бойынша үміткер қазақтың «Батырлар жырынан» біреуін жатқа мәнерлеп оқып беруге тиіс болатын. 13 қазан күні бәйге өз мәресіне жетті.
-
«ІЛЕСПЕ АУДАРМА: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРАКТИКАСЫ» Қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізу курсыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізеді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЛЫҚТАЙДЫ КӨГІМДЕШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталық «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясын үш жылдың жүзі болды үзіліссіз ұйымдастырып келеді. Мемлекеттік тіл тұтастығы – ел тұтастығы. Барша қазақстандықтардың басын біріктіретін, ана тіліміздің айбынын асыратын осы мазмұндас ізгі шара еліміздің түкпір-түкпірінде үнемі бой көрсетіп отырады. Оған, әлбетте, қуанасың. Бірақ, шоқтығы биік шараның ұйтқысы болып отырған орталықтың тәжірибесі арқылы мәселенің бірер қыры туралы сөз қозғағанды жөн көрдік.
-
АЙДОС ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ: «ТІЛ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ДЕ ПАЙДАЛАНЫЛУДА»«Қазақтың шешендігі, көреген көсемдігі, асыл сөз айдыны – Ана тіл байлығы». «Сөйлеу мәдениеті» хабары ылғи осылай басталады. Бұған алып-қосарымыз жоқ. Шыны солай. Бұл жолғы жүздесуді журналист Айнұр Шамшейітқызы былай деп бастады: «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарып жатқан шаралары ұшан-теңіз. Біздің мақсатымыз сол жүмыстарды, сол атқарылған істерді насихаттау».
-
ҚОЛЖАЗБА ТАЛҚЫЛАНДЫ2020 жылғы 29 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Әліпби» энциклопедиясының қолжазбасын талқылау шарасы өтті.
-
ОЙ-ТАЛҚЫ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТТІҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 29 қыркүйек күні «Лингвистика және әдебиеттану саласы терминдерін дамыту» идеялар фабрикасы ойталқысын (брейнсторминг) онлайн режімде ұйымдастырды.
-
ОНЛАЙН ОЙ-ТАЛҚЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 29 қыркүйек күні «Лингвистика және әдебиеттану саласы терминдерін дамыту» идеялар фабрикасы ойталқысын (брейнсторминг) онлайн режімде ұйымдастырады.
-
«ӘЛІПБИ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБАСЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ2020 жылғы 29 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Әліпби» энциклопедиясының қолжазбасын талқылау шарасы өтеді.
-
БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫМемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбындағы онлайн конференциясын өткізеді.