Көп оқылғандар
-
Латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін оқыту басталдыАғымдағы жылдың 26 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін республикалық оқыту басталды.
-
Таразда тренерлерге арналған дәріс-семинар басталдыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 14 наурыз күні Тараз қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында латыннегізді қазақ жазуын меңгертуге бағытталған Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) дайындайтын дәріс- семинар өтті.
-
«Латынша үйренейік» акциясыПавлодар облысының тілдерді дамтыу жөніндегі басқармасы ағымдағы жылда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттау бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 5 наурызда Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Латынша үйренейік» акциясын ұйымдастырды.
-
Жазу сауаттылығы және Алаш қайраткерлері қалыптастырған әдістемеЕмле ережесі бекігеннен кейін жоспарға сәйкес оқыту курстары басталатыны белгілі. Жалпы, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйрету жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын және емле ережесі негізінде сауатты жазуды үйрету мақсатын көздейді. Ал көрсетілген мәселе қай кезеңде де күн тәртібінен түскен емес. Өткен ғасырдың басында Н.Төреқұлов, Т.Шонанов, А.Байтұрсынов сынды алаш қайраткерлері тіліміздің жазу үлгісі мен емлесінің қалыптасуына зор еңбек етті. Ең маңыздысы, тілді оқыту, емлені меңгертуде басшылыққа алынатын ұстанымдар, әдістемелік мәселелер ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру барысында қолға алынатын оқыту курстарында осы ғалымдардың әр пікірі басшылыққа алынғаны жөн деген ойдамыз.
-
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІБүгінгі қоғамның эволюциясы цифрлық дәуір адамын қалыптастырды. Еліміз де өз даму статусын – цифрлық Қазақстан (Digital Kazakhstan) атауымен белгілеп, жаңа өркендеу мәдениетінің стратегиясын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен 2017 жылы бекітті. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл бағдарламаның жүзеге асуын 2018-2022 жж. аралығына жоспарлады.
-
ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – ТІЛТАНЫМДЫҚ РЕФОРМА2018 жылдың 19 ақпанындағы латыннегізді әліпбидің жаңа нұсқасын бекіткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы қазақ халқының, қазақ тілінің даму жолына үлкен бетбұрыс жасаған бүгіннің ғана емес, болашақтың да бағытын анықтаған маңызы зор тарихи құжат болды. Сөйтіп, осы күннен бастап елімізде тәуелсіздік алғалы тұңғыш рет жалпыхалықтық тілтанымдық реформа жүзеге асырылып жатыр.
-
Елбасы жылды қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұхбат бердіМемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары кілдерімен дәстүрлі кездесуінде биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды түйіндеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Елбасынан сұхбат алған журналистер қатарында «Egemen Qazaqstan» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Президент телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожин, «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Саламат Омаш, «Хабар» агенттігі» АҚ тілшісі Айгүл Әділова, «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының журналисі Юлия Ласеева, блогер Жанна Ильичева Мемлекет басшысына сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.
-
«Ана тілі» мобильдік қосымшасы таныстырылдыАғымдағы жылдың 21 желтоқсанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ана тілі» орталығында қазақ тілін үйретуге арналған латын әліпбиіндегі мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті. Аталмыш шарада бірнеше тілдік жобалардың авторы Ш.Кинжикова қосымшадағы бөлімдермен таныстырды.
-
Қазақ жазушыларының 40 туындысы Кореяның ең ірі кітапханасының қорындаҚазақстанның әдеби өнері таңғы самал елінде. Қазақ жазушыларының қырық туындысы Кореяның ең ірі кітапханасының қорын толықтыра түсті. Қазақ әндері, суреттері және кітаптары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сеулде өткен қазақстандық мәдени форумда табысталды. Форумға ғалымдар, жазушылар мен журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Мұндай шығармашылық кездесулер екіжақты байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
-
Қазақстан астаналарының атауларыҰлан ғайыр атырапты мекендеген алаш халқының сан ғасырлар бойы өткізген өмір көші- қазыналы, шежірелі ғұмыр. Тарихтың төрінде тұрған көне түркілердің бүгінгі таңдағы ұрпақтары тәуелсіздіктің көк туын асқақтатып, бабалардың сан ғасырлы арманы болған еркіндіктің ақ жолына түсті. Әлем халықтарының ішінде жердің бір шетінен екінші шетіне көшіп барып мемелекет болғандары қаншама, алуан түрлі ұлттардың өзара интеграциясының нәтижесінде пайда болғандары да молшылық. Қазақ халқы тамырларын тереңге батырып, қасиетті Дешті қыпшақ даласынан тапжылмай ата жұрттың қара шаңырағын иемденіп қалған этнос.
-
Мәскеудегі Қазақ тілі орталығына 15 жыл толдыМәскеудегі қазақ тілі мен әдебиеті орталығына 15 жыл толды. Бұл жерде оқу оқып, қазақ тілін жетілдірген қаншама жас бүгінде кәсіби білікті маман атанып, өз салаларында қызмет етуде. Олар осы орталықта алған білімін тәжірибе жүзінде табысты пайдаланып жүр.
-
Бақытжан Сағынтаев қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысын өткіздіОтырыста қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша Іс-шаралар жоспары туралы, Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарының атқарған қызметінің нәтижелері, сондай-ақ жаңа редакциядағы әліпби негізінде ереже жобасын әзірлеп, бекіту мәселелері талқыланды.