Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі оқытушыларының республикалық байқауы материалдарының жинағы

Жинаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі оқытушыларының республикалық байқауы материалдары енгізілген. Байқауға қатысқан өңірлердегі тіл үйрету орталықтары оқытушыларының, әдіскерлерінің сайыс барысында көрсеткен сабақ үлгілері жинақталып беріліп отыр. Жинақ материалдары студенттерге, ересек аудиторияға мемлекеттік тілді меңгертудің теориялық және практикалық мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, магистранттарға, студенттерге, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Читать
Комментарии (0)
Оставить комментарий