Көп оқылғандар
-
Алматыда семинар-кеңес өттіАлматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес (бұдан әрі – Семинар-кеңес) өткізді.
-
Салалық терминдерге байланысты онлайн-конференция өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 20 қыркүйекте termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда онлайн-конференция өткізіп, «Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы» тақырыбы талқыланады.
-
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніБиыл екінші рет Тіл мерекесін 5 қыркүйекте тойлап отырмыз. Атаулы датаның бұл күнге ауыстырылуының да өзіндік себебі бар. 5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп тіл жанашыры қазақ әліпбиінің атасына айналған Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар Тіл мерекесін қазақ халқының біртуар азаматының туған күнінде тойлайтын болады.
-
«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» қазақ поэзиясының антологиясы жарық көрді«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары». Еліміздің бас қаласында қазақ поэзиясының антологиясының тұсауы кесілді. Жинаққа Мағжан Жұмабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Ілияс Жансүгіровтың, Олжас Сүлейменовтың және басқа да белгілі қазақ авторларының танымал шығармалары енген. Тиражы шамамен 1000 дананы құрайтын туынды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрді.
-
«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық шарасы аясындағы дәріс және семинарҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 28-29 тамыз күндері Семей қаласында «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық шара латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар ұйымдастырады.
-
Ұлы Абайдың өлеңдері қырғыз тіліне аударылдыҰлы Абайдың өлеңдері қырғыз тіліне аударылды. Кітаптың жарыққа шығуына бірнеше автор атсалысқан. Солардың бірі – Перизат Алмазқызы. Оның айтуынша, Абай өлеңдерімен жұмыс істеу өте қызық болған. Сөздерін ұғу оңай, өлең ұйқасы да жақсы үндескен. Тез жатталады. Әрі есте қалады. Ұлы ақынның өлеңдерін оқи отырып, көз алдыңа жеке-жеке картиналар түзіледі. Осының бәрі философиялық мағынасы бар туындыға үйлесіп, болмыстың мәніне ой түйгізеді,- дейді ол.
-
Павлодарда латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы басталдыПавлодарда ағымдағы жылдың 29 шілдесінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға арналған латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстарының үшінші маусымы бастау алды.
-
Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж Францияда жалғасын таптыАбайдың 175 жылдығына орайластырылған әдеби эстафетаға өзге елдер де қосылуда. Бұл жолы жарыс. Ұлы ақынның шығармалары елшілік жанындағы мәдени орталықта оқылды. Кемеңгер ақынның өлеңдерін оқуға, дипломаттарымыз да белсенді атсалысты. Марафонға Франция әдебиетінің құрметті профессоры Альбер Фишлер қатысты.
-
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай» көркем фильмі түсіріледіҰлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Шаралар халықаралық деңгейде өткізіледі. Ақынның шығармалары әлем тілдеріне аударылып, жарыққа шығады. Сондай-ақ «Абай» көркем фильмі түсірілмек. Осылайша, ақынның мерейтойын тойлау халықтың рухани адамгершілігінің дамуына бағытталған ауқымды оқиға болмақ.