Көп оқылғандар
-
Сенатор Мұрат Бахтиярұлы: Мемлекеттік тілді үйретуге келгенде қаржыны аямауымыз керекҚазақстандағы тілге байланысты үлкен мәселенің бірі - мемлекеттік тілге келгенде әлі де болса қаржылай қолдаудың жетіспейтіндігі. Мемлекеттік тілдің мәселесін Астанада өткен «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстелде Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
-
Ахмет Байтұрсынұлының энциклопедиясы мен 36 кітаптың тұсаукесері өттіАстанада «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті. Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған шара барысында қазақ тіліндегі энциклопедиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық мазмұнда шығарылған 36 кітаптың тұсаукесері өтті.
-
АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашыладыАстана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде Қытай Халық Республикасының Ұлттық кітапханаларында, Кореяда, Жапония мен Италия, Македония, Финляндия, Түркия, Венгрия сияқты әлемнің 17 елінде орталық жұмыс істейді.
-
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелерімен Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өттіПавлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Достық үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсенді мүшелерімен кездесу өтті.
-
Патриоттар марапатталды«Қазақстан» концерт залында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты республикалық ведомствоаралық байқау өтті.
-
Қазақ тілін жаңа форматта оқытудың әдіс-тәсілдері таныстырылдыПавлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында облыстық әмбебап ғылыми кітапханада қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Қазақ тілін жаңа форматта оқыту әдістемесі» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.