ТІЛ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

23.02.2023

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы тәжірибелі де білікті маман ретінде қазақ тілін үйретумен айналысып келеді келеді. Төмендегі бейнебаяннан Ядролық физика институты (ЯФИ) қызметкерлеріне сабақ беру сәтіне куә боласыздар.

«Жақында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған Тұжырымдамасының» жобасы талқылауға шықты. Бұл мемлекеттілігімізді нығай­татын, рухымызды асқақтататын, елдігімізді айғақтайтын өміршең де өзекті құжат болады деген ойдамыз. Әмбеге аян бір ақиқат, халқымыздың ары да, бары да – тіл. Әсіресе, мемлекеттік тілге сұранысты қалыптастыра ал­сақ, мемлекеттік бағдарламаның мақ­саты да, оны іске асыруға байла­ныс­ты біздің ұмтылысымыз бен нақты нәтиже де бір арнада тоғысып, ана тіліміз төрге озар еді»,– дейді Айгүл Әділбекқызы.

Комментарии (0)
Оставить комментарий