Толғаныс
-
«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…«Kari» аяқ киімдер мен аксессуарлар дүкеніне барғанмын. Аяқ киімдер қатарын аралап жүріп, бір қораптағы жазуға көзім түсті. Күлкі келтіреді. Осындай да аударма болады екен-ау. «Шылпылдақтар әйел» дейді. Ол – жазғы аяқ киім түрі. Қызық үшін басқа аяқ киімдердің қораптарына да назарым ауды: «Туфлялар жаздар әйелдер», «Балеткалар барлық маусымдық әйелдер», «Полубәтеңкелер аталық демисезон», «Шылпылдақтар аталық»… Осылай жалғаса береді. Бойымды қызығушылық билеп кетті. Тек аяқ киімдер сөресі емес, басқа да тауарларды қарай бастадым. Мына қызықты қараңыз: «Гольфтар созымтал әйелдер», «Гельді қосымша беті», «Әйелдер майысқақ шұлық», «Белбеу әйел», «Әйелдің жаздың бөкебайы»… Аударманың сиқы осындай.
-
Бүгінгі киноэкран: қайдасың, қазақ тілі?Дәл қазіргі біздің киноэкранымызға қазақ тілінің еш қатысы жоқ секілді. Аталуы қазақша, кейіпкері қазақ тілінде сөйлейтін фильм күннен күнге азайып барады. Бұл тіпті қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, күндердің күнінде қазақ тілінде түсірілген дүниені шам алып жүріп іздесек те таппай қаламыз ба деген күдікті ой туа бастады. Расында да, киноэкранымыз қазақ тілімен қош айтысуға шындап бел буғаны ма?..
-
«Ақ жол» партиясы қазақ тілін білу міндеттелетін шенеуніктер тізімін арттыруды ұсындыБүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Берік Дүйсембинов Президенттен өзге қазақ тілін білу міндеттелетін шенеуніктер тізімін арттыруды ұсынып, Үкіметті «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы заң жобасын» дайындауға шақырды.
-
Əр қазақ мына зағип поляктан үлгі алса...23 жастағы Польша азаматы Вячеслав Чернев тоғыз тіл біледі. Оның ішінде қазақша еркін сөйлейді. Зағип болса да, еңбекқор, талантты жігіт Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін қалт жібермей қадағалап отырады. Елімізге алғаш келген қонақпен Qamshy.kzақпарат агенттігінің тілшісі сұхбаттасты.
-
Қазақша сөйлемейтін шенеуніктер қазақты қалай басқарады?Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асса да, қазақ тіліне мұрнын шүйіре қарайтындар бар. Әсіресе, коммунистік партияның шекпенінен шыққан шенеуніктер мен солардың ізіне ергендер мемлекеттік тілде сөйлеуді мүлде қажет етпейді. Мемлекеттік тілге мұрын шүйіре қарайтын шенеуніктер тобын ұсынамыз.
-
Өз тіліңді құрметтесең ғана...Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні. Әрбір егемен елдің тәуелсіздігінің басты нышандары – қол сұғылмайтын мемлекеттік шекарасы, мемлекеттік рәміздері, Конституциясы. Ендеше мемлекеттік тіл де – егемендік еншіміз. Қазақ тілі – тәуелсіздігіміздің тұғыры.
-
Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепіліПрезидент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сонау көне заманнан қалыптасқан ұлттық келбетімізді сақтай отырып, қазіргі жаһандық өзгерістермен бірге өзімізді, ұлттың ой-санасын өзгерту арқылы алға басуымыздың алғышарттары атап көрсетілді.