Көп оқылғандар

Жазу сауаттылығы және Алаш қайраткерлері қалыптастырған әдістеме
Емле ережесі бекігеннен кейін жоспарға сәйкес оқыту курстары басталатыны белгілі. Жалпы, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйрету жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын және емле ережесі негізінде сауатты жазуды үйрету мақсатын көздейді. Ал көрсетілген мәселе қай кезеңде де күн тәртібінен түскен емес. Өткен ғасырдың басында Н.Төреқұлов, Т.Шонанов, А.Байтұрсынов сынды алаш қайраткерлері тіліміздің жазу үлгісі мен емлесінің қалыптасуына зор еңбек етті. Ең маңыздысы, тілді оқыту, емлені меңгертуде басшылыққа алынатын ұстанымдар, әдістемелік мәселелер ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру барысында қолға алынатын оқыту курстарында осы ғалымдардың әр пікірі басшылыққа алынғаны жөн деген ойдамыз.