Көп оқылғандар

Шеттілдік сөздерді игеріп жазу мәселесі жөнінде
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында (12.04.2017 ж.): «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар¬піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп¬биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек», – деп көрсетілген міндетіне сәйкес іске асырыла басталған сан салалы іс-шаралардың қатарында жаңартылған қазақ емле ережелерін әзірлеу ісі де қолға алынған болатын. Нәтижесінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының тікелей қатысуымен 9 тараудан тұратын Қазақ емлесінің негізгі ережелер жобасы дайындалды.