ТАРАЗДА ТАҒЫЛЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

30.06.2023

Жамбыл облыстық Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру, сонымен қатар, БАҚ-тарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тіл мәдениеті, тіл тазалығын сақтау, қазақ тіліндегі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «БАҚ және тіл мәдениеті: тілдік нормалар» атты республикалық семинар ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы«Медиакеңістіктегі тіл мәдениеті: әдістемелік мәселелер», Жетісу облысы «Тіл-оқу» әдістемелік орталығының директоры Жеңіс Хамитұлы «Қазақ сөз мәдениетініңинтернеттегі көрінісі», Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы «Тіл мәдениеті және тілдік норма», М Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Зиба Абдуллақызы «БАҚ. Ұлттық сана.Тіл»жәнеЖамбыл облыстық «Арай» газетінің бас редакторы Тұрсынбек Темірланұлы «БАҚ тілі – әдеби тіл дамуының көрсеткіші» тақырыптарында баяндама жасапды.

Облыстық орталықтың «Латыннегізді жаңа әліпбиді насихаттау және ұйымдастыру» бөлімі басшысы Перизат Атабекқызы тіл үйренушілердің сөз мәдениетін арттыру, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыруға бағытталған «Сөзгер» бағдарламасын көпшілікке таныстырды.

Республикалық бас қосу соңында БАҚ өкілдері бұқаралық ақпарат құраларындағы тіл мәселесін қызу талқылап, өзара пікір алмасты. Баяндамашыларға басқарма басшысының Алғысхаты табысталды.

Комментарии (0)
Оставить комментарий