БУРАБАЙДА ЖАС ҚАНДАСТАРЫМЫЗБЕН КЕЗДЕСТІ

10.07.2023

2023 жылғы 10 шілде күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай» институтының жетекшісі Айгүл Әділбекқызы мен Тіл HuB бөлімінің жетекшісі Мөлдір Бақытқызы Бурабайдағы Шучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебі базасындағы көрме жұмысына қатысты.

«Отандастар қоры» әлемнің сегіз мемлекетінен (АҚШ, Иран, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей) келген 200-ге жуық этникалық қазақ балаларына «Жас Қазақ» жазғы этнолагерін ұйымдастырды.

Бұл көрме сол аталған іс-шара аясында өтті.

Көрме барысында Орталық мамандары қазақ тілін үйрету бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен жаңа IT өнімдерді таныстырды. Бұл жас қандастарымыздың тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

«Халқымызда: «Не берсең де балаға бер, балалар үшін жаса»,– деген керемет даналық сөз бар. Мұны бір ғана қайырымдылық мағынасында қабылдау мағынасын ашпайды. Егер жас өскіндерді келер күннің айнасы деп қарастырсақ, тәрбиелік тұрғыдан да дұрыс айтылған. Өйткені, бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Жер шарының түкпір-түкпрінен жиналған қаракөз балапандардың қуаныштан жарқылдаған жанарын, олардың аузынан ана тіліміздің маржан сөздерін есту бір ғанибет болды»,– дейді әріптестеріміз.

Комментарии (0)
Оставить комментарий