ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.06.2023

2023 жылғы 30 маусым күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Ғылыми Кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Бас директор Мақпал Жұмабай ашып, орталықтың бөлім басшылары күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер бойынша есеп берді. «Тіл тағдыры – елдің тағдыры» дегенді жиі айтамыз. Ана тіліміз – ата-бабамыздан аманат болып келе жатқан асыл мұра. Мемлекеттік тілдің дамуы жолында, оның қолданыс аясын кеңейту бойынша атқарылар қызмет ұшан-теңіз.

Сөйлеушілер ағымдағы жылдың алты айы ішінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, Орталық қызметінің осы бағыттағы жұмысына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Тілді зерттеп, қолданысқа түсірудің озық тәжірибелерін жіті қарастыратын, әсіресе, лингвистиканы түрлі ғылымдар тоғысындағы әдіснамамен зерделейтін түрлі сала мамандарының басын қосуды қарастыру,Мемлекеттік терминологиялық комиссияда бекітілген терминдер жүйесін жетілдіру мен біріздендіру, мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды серіктестіктер арқылы бүкіл әлем бойынша қазақ тілін насихаттау, қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыру жөнінде кеңінен сөз қозғалды.

Орталықтың Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысы қаралған мәселелер бойынша нақты орындалу мерзімі көрсетілген шешім қабылдады.

Комментарии (0)
Оставить комментарий