«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОҚУЛАРЫ
2023 жылғы 19-21 сәуір аралығында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл-Қазына» оқулары аясында бірқатар шаралар ұйымдастырады.
Алғашқы шара «Termin talqlike» интеллектуалды ойыны деп аталады. Бұдан кейін «Қазақ тілін оқытудың Назарбаев университеті тәжірибесі» дәрістер циклы басталады. Онда Қазақ тілі және түркітану департаментінің ассистент профессоры Жазира Ағабекова «Бастауыш деңгейдегі қазақ тілі және "Pressbook" онлайн оқулығы» жөнінде әңгімелесе, Қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушылары Гүлжәмила Шалабаева, Айдар Балабеков, Күлән Көпеш, Бақыт Ақбұзауова, Раушан Мырзабекова, Самал Әбжановалар «Академиялық қазақ тілі, І және ІІ курстарының талаптары мен мазмұны /200 код сабақтары/» хақында сөз қозғайды. Қазақ тілі және түркітану департаментінің қауымдастырылған профессоры Гүлнар Омарбекова «Назарбаев Университетінің қазақ тілінен міндетті білім беру бағдарламасы: 300 кодты курстар сипаттамасы (мақсаты, оқыту нәтижесі мен оқу материалдары)» жөнінде дәріс оқиды.
Шараның соңғы күнгі дәрістер «Лингвистика жас ғалымдар зерттеулерінде: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбына арналады.
Аты айтып тұрғандай, бұл күні мінбеге жас ғалымдар көтеріледі.
Шараны тамашалауға шақырамыз.
Дәрістер барысы Қоғамның әлеуметтік желісі арқылы тікелей таратылады.
Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы, Сауран көшесі, 7а
Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-42, +7 747 702 97 97