«ҮЗДІК ПОДКАСТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын ұйымдастырады.
Шараның мақсаты – мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту,азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру.
Байқауға Қазақстан Республикасының өңірлік және жекеменшік тіл орталықтарының, орта мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, қазақ тіліне қызығушылық танытатын азаматтар қатыса алады.
Байқау қатысушылары 5 номинация бойынша марапатталады:
1. Үздік бейнемотиватор;
2. Шешендік шеберлік;
3. Үздік креативті бейнеролик;
4. Үздік шығармашыл бейнеролик;
5. Көрермендердің ерекше ықыласы.
Өтінімді көрсетілген мекенжайға тікелей алып келуге немесе пошта арқылы жолдауға болады.
Астана қаласы Сауран көшесі 7а, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.
Пошта: tilalemi.kz@gmail.com
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2023 жылдың 20 мамыры сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).
Байқау ережесі мен өтінім үлгісі сілтемеде.
Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған өтінімдер қазылар алқасының талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және қазылар қарауына ұсыну Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8 (7172) 40-83-63 номеріне хабарласыңыз.