ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ
2023 жылғы 7-9 маусым аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өңірлік Тілдерді оқыту орталықтарына арнап «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізеді.
Тілдерді оқыту орталықтары ұсынатын қазақ тілі курстарының оқыту мазмұны ақпараттар тасқынының өзгеруіне байланысты үнемі дамып, жетіліп отырады. Коммуникативті құзырет түрлері ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін сөйлеу іскерлігі маңызды орын алады. Ауызекі сөйлеу тілі жанрында шаршы топ алдында сөз сөйлеу қажеттілігі күннен-күнге үлкен сұранысқа ие болып келеді.
Кеңес дәуірінен қалған стереотип: жаттанды сөздер мен үйреншікті ой тізбегін жиі тыңдайтынымыз соншалық, кейде сөйлеушінің алғашқы сөзінен келесі сөзін немесе ой ағымын алдын ала болжап отыруға болады.
Жақсы сөз сөйлеуді үйренуге бола ма, оны меңгерудің әдіс-тәсілдері бар ма? Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілер өз пікірін аудиторияға қазақ тілінде еркін жеткізу үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтарға үш күндік семинар барысында жауап алуға болады.
Онлайн шарада тіл үйрету орталықтарының оқытушылары шаршы топ алдында сөйлеуді үйретудің озық әдістерін меңгереді, алған білімдерін практикада қолдануды игереді.
Өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлері өзара тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік біліктіліктерін арттырады.
Онлайн-семинардың спикері – танымал ғалым, әдіскер, КИМЕП унивесритетінің профессоры, ф.ғ.д. Ерназарова Зәуреш Шаршабекқызы.
Семинардың мазмұны қазіргі заман талаптарының өзегінен шығып отырғандықтан қатысушылардың сұранысын өтеп, бәскеге қабілеттіліктерін арттырады.