Саналы қоғам талабы – сапалы қызмет
2018 жылғы 10 сәуірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының трамвай басқармасында «Саналы қоғам талабы – сапалы қызмет» атты семинар өтті.
Семинардың мақсаты - халыққа қызмет көрсету үрдісінде мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн асыру, мемлекеттiк тiлге деген сұранысты арттыру, тiл мәдениетiн жетiлдiру, мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген тiлдiк қажеттiлiктерді толық қанағаттандыру, халықпен жұмыс жасау барысында сапалы қызмет көрсету.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуы және қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттардың сауатты орналасуы, халыққа сапалы қызмет көрсету, латын графикасына кезең-кезеңмен көшу мәселелері талқыланған семинарға басқарма өкілдері мен қоғамдық көліктерде жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкерлер (кондукторлар, бақылаушылар) қатысты.
Семинар барысында енді заң бұзушылыққа жол берген нысан басшыларына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес құзырлы орган өкілдері тарапынан тиісті шаралар қолданылатындығы ескертілді.
Шара соңында қатысушылардың ұсынымдары талқыланып, барлық қатысушыларға сөздіктер мен басқа да оқу-әдістемелік құралдар табыс етілді.