Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу бойынша «Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың әлеуметтік мәні мен маңызы» атты қазақ тілі оқытушыларына арналған онлайн семинар
2018 жылы 19 сәуірінде біліктілікті арттыру бойынша оқыту орталығында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу бойынша «Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың әлеуметтік мәні мен маңызы» атты қазақ тілі оқытушыларына арналған онлайн семинар өтті.
Шараның мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру, жаңа ұлттық әліпбиді енгізу және көшу кезеңдерінде кездесетін негізгі аспектілер мен проблемаларды шешу жолдары туралы ақпарат берілді.
Аталмыш шарада латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқытуда кездесетін мәселелер туралы онлайн-сабақтар өткізілді. Жалпыхалықтық реформаны жүзеге асырудың кезеңдері атап өтіліп, дәріс оқушылар тыңдаушылырға латынды енгізудің тиімді әдістері туралы ақпараттар берді.
Онлайн семинарға облыстағы қалалар мен аудандардың қазақ тілі оқытушылары мен тіл мамандары қатысты.