ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ ИЕСІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

31.07.2023

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бір топ мамандары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушысы, қазақша ымдау тілін танудың интеллектуалды жүйесін жасап шығарған ғалым Нұрзада Амангелдімен арнайы кездесті.

Оқырман қауымға түсінікті болу үшін айта кетелік, бірегей бұл жоба жасанды интеллектіге негізделген, әрі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған.

«Ғалыммен күш біріктіретін бағыттарымызды ортаға салдық. Қазақ тіліндегі ым әліпбиі мен ым тілінің стандарты, сөз қоры туралы ой бөлісіп, орталығымыздың ғылыми әлеуетін осы мақсатта пайдалануға шақырдым»,– деп жазды Орталықтың Бас директоры Мақпал Жұмабай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нұрзада Амангелдінің қолға алған ғылыми жаңалығы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қазақ тілінде білім алуына, медициналық және мемлекеттік мекемелердің қызметін толыққанды пайдалануына және еркін сөйлесуіне мүмаіндікбереді.

Комментарии (0)
Оставить комментарий