ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК – ЕЛДІКТІҢ ТІРЕГІ

08.08.2023

Бүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстан ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін қалыптастыру мен сақтау мәселесіне мемлекеттік деңгейде аса мән беріп отыр. Өйткені, біз жаһанданудың барлық жағдайларына көндіге бермей, жаһандану үдерісі жағдайында туындаған жаңа талаптарды ұлттық мүддемізге лайықтауымыз керек. Ол үшін қазақ мемлекеті тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Міне, сонда ғана ұлттық сананы қалыптастыра отырып, біздер өзімізге қажетті форматтағы мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтаймыз.

Мемлекеттік тұрақты дамуына кепіл болатын қоғамды біріктіруші факторға арналған ұлттық біртұтастықты қалыптастыру міндеттерімен байланысты іс. Бұл мемлекет аумағында елдің иесі болып табылатын қазақ халқынан басқа да барлық этникалық топ өкілдерінің белгілі бір дәрежеде теңқұқылы болуын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатқа едәуір ықпал ете алатын болады. Қазақстанның отаршылдық, советтік тоталитаризм құрсауынан босап, ұлттық тəуелсіздікке қадам басуы, қазақ халқының ұзақ уақыт бойы аңсап келген ұлттық мемлекет дәстүрін жандандыруға жол ашты. Бірақ қоғамдық санада өзгеріс жасау ол оңай іс емес екені де анық.

Ол кеше күштеп қалыптастырылған, идеологиялық тұрғыда ақиқатты бұра тартып, қоғамды өзге арналарына түсіруге құрылған ұстанымдардан шығару керек болды. Ұлттық-мемлекеттік идеологияны қазіргі заман тудырып отырған мәселелер арнасында өрелі тұрғыда түзуге басты қадамдар жасалуда. Жаңаша тұрғыдағы мемлекеттік тарих идеологиясын іске асыруда қоғамдық ортада оны белсенді тұрғыда насихаттау үдерісі жолға қойылуда. Заманның жаңаша талаптары аясында қазақ халқы мен этникалық топтардың тарихи жады мен санасын білім мен ғылым және рухани-мәдени аспектіде жаңғырту өзекті болып тұр.

Тəуелсіздіктің толық қалыптасуы және ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамды біріктіруші факторы болып табылады. Бұлұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты екені баршаға белгілі. Сондықтан мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының бір ұлттық мемлекеттік құрылысында өзіндік бағыты айқын анықталды. Мемлекеттік деңгейде қабылданған тарихи-мәдени санаттағы бағдарламалар негізінде елімізде тарихқа деген жаңа сипатты және аса мазмұнды көзқарасты қалыптастырды.

Өркениет даму жолында әрбір ұлт өз мемлекетінің өркендеуіне өте ықпалы зор тарихи мұрасына жадында қайта жаңғыртып, үнеміүздіксіз зерделеп отыруы тиіс. Мол мұраларымыз біздің мемлекеттік және ұлттық санатта өркендеуіміздің темірқазығы болып табылады. Ұлттық құндылықтаркез-келген мемлекеттің бет бейнесін қалыптасып қоғамның рухани-мәдени сұранысына лайық жаңа идеялар легі қаланбақ. Қоғамның саяси, тарихи-мәдени, рухани даму үдерісінде ұлтының төл тарихына және тұлғаларыныңинтеллектуалды рөліне басты басымдық беру содан болмақ.

Тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде даму тарихының жаңа кезеңі халқымыздың рухани санатта жаңғыруымен басталуының маңызы зор. Оның тарихи сабақтастық аспектілері көпқырлы мазмұнмен астарланған. Стратегиялық мазмұндағы идеологиялық ұғымдарды халыққа жеткізу мен насихаттаудың тың жолдарын ұсыну бағытында ізденістер жасау бүгінгі заманның басты талабына айналды. Әлемдегі әрбір ұлт өркениетті даму жолында мемлекетінің қарқынды өркендеуіне ерен ықпал ету қабілеті зор болмыстарына, соның ішінде тарихи мұрасына қайта оралып, үнемі зерделеп отырған. Сол мұралар – біздің мемлекеттік, тарихи және ұлттық санамыздың өрлеуінің темірқазығы әрі рухани табан тасы болып табылады.

Елімізде халық өз ұлттық тарихын, тарихи тұлғаларын жаңа сипатта танып білуде. Бұл санаттағы тарихи-әдеби зерттеулер деректермен дәйектелді және өткен тарих шыңдығынбүгінгі ұрпақ пен қоғамға жеткізген кешенді ғылыми зерттеулер болып осы еңбектер кещені табылады. Бұл дәстүр үлкен ғылыми мектептің іргесін қалауға негіз болды.

Сол ғылыми мектептің негізін қалаушы ғалымдар қатарында тарихшы-ғалым, отандық алаштану мектебініңкөрнекті өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев, әйгілі жазушы, әдебиеттанушы ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай, белгілі тұлғатанушы ғалым, Тарихшылардың ұлттық конгресі басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі Дихан Қамзабекұлы сынды ғалымдардың«Ұлттық санадағы мемлекетшілдік пен бірегейлік: тарихи және әдеби зерттеулер» атты еңбектері ел сұранысына ие, қоғамдық талаптарға жауап беретін құнды еңбек болып табылады.

Ұлт пен мемлекеттің кешегі, бүгіні, болашағы өткен тарих пен құндылықтарнегізінде жаңа заманға лайықтап тұжырымдау және өскелең ұрпаққа ұсыну гуманитарлық ғылымдар саласы өкілдерінің өзі өмір сүріп отырған қоғам мен мемлекет алдындағы борышы.Бұл міндеттерді жүзеге асырудаізденуші ғалымдар ұзақ жылдар бойы үздіксіз атқаруда. Осы тұрғыда ұлт тарихында орын алған тарихи үдерістерге және тұлғалар тағдырына қатысты тың зерттеулер жасау бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Ғалымдарымыздыңеңбектеріндегі берісі мемлекеттілік мәселесі,арысы адам мен қоғамның өзара үйлесімді және толымды дамуы жөніндегі көзқарастарының бүгінгі біздің еліміз бен ұлтымыздың жаңғыруына жаңа серпін, тың идеялар беретін ғибраты мен тағылымы мол дүние.

Түптеп келгенде ұлттық құндылықтың түп мәні барлық тарихи кезеңде кез-келген мемлекеттің бет бейнесін қалыптастырған және қоғамның рухани-өркениеттік мұратына сәйкес келетін, сұранысына жауап беретін жаңа идеялар мен қоғамдық ой мен идеалдар ұсынылған. Міне, осы тұрғыда еңбектері жазылған біздің заманның зерттеуші-ғалымдарының ғылыми ізденістері осындай елдіктің іргелі мәселесін шешуге бағытталғанын байқаймыз. Сондықтан ұсынылып отырған зерттеулердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы және тарихи сананы қалыптастырудағы өзіндік орны бар деп түйіндейміз. Оны бұл еңбектерді ғылыми орта мен оқырмандар, әсіресе жас буын білім алушы жастардың арасындағы сұранысынан-ақ байқауға болады. Әсіресе, елдің келешегі - жас буын ұрпақтың тарихи сана-сезімі мен адамгершілік қадір-қасиетін қалыптастыруға білімдік, ғылымдық және руханилық аспектілерде аталған ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. Өйткені, заманның жаңа талаптары барша Қазақстандықтардың тарихи санасын білім мен ғылым және рухани-мәдени аспектіде жаңғырту қажеттігін айқын көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, ұсынылып отырған бұл еңбектер кешенінде: М.Қ. Қойгелдиевтің 1. «Алаш қозғалысы», Бірінші кітап. 2021 жыл; 2. «Алаш қозғалысы», Екінші кітап.– 2017 жыл; 3. «Қорғансыздың күнін кешкендер», 2019 жыл; 4. «Қиянат анатомиясы», 2020 жыл; Т.Қ. Жұртбайдың: 1. «Бесігіңді аяла!...», 2003 жыл; 2. «Безвременье: Трагедия восстания в Семиречье: (литературно-историческое исследование повести М. Ауезова «Лихаягодина»), 2019 жыл; 3. «Дәрілқарап» (Абайдың сыртқы әлемі: әдеби-салыстырмалы талдау), 2021 жыл; Е.Б. Сыдыковтың: 1. «Российско-казахстанские отношения на этапе становления тоталитарной суперэтнической державы», 2010 год; 2. «Жамбыл: биографическое повествование», 2015 год; 3. «Құнанбай әулетінің тарихы. Ғылыми дерекнамалық жинақ», 2021 жыл; 4. «Ахмет Байтурсынов - Учитель нации», 2022 год; Д. Қамзабекұлының:1. «Алаштың рухани тұғыры», 2008 жыл; 2. «Алаш арқауы», 2017 жыл; 3. «Түркі алқасы», 2021 жылы жарыққа шыққан кітап басылымдары бар.

Халық өз тарихын, тұлғаларынтағы бір мәрте тануда жаңа сипаттағы деректермен дәйектелген тарихи-әдеби зерттеулерге зәру. Міне, осы тұрғыда шоқтығы биік шығармалар өткен тарих шыңдығынбүгінгі ұрпақ пен қоғамға жеткізген кешенді ғылыми зерттеулер болып табылады.

Ірі ғылыми мектептің іргесін қалауға негіз болған бұл еңбектердіңавторлары қатарында отандық тарихшы-ғалым, алаштану мектебініңкөрнекті өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев, әйгілі жазушы, әдебиеттанушы ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай, белгілі тұлғатанушы ғалым, Тарихшылардың ұлттық конгресі басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы сынды ғалымдарымыз тұр. Сондықтан қалың оқырманға ұсынып отырған ғалымдарымыздың «Ұлттық санадағы мемлекетшілдік пен бірегейлік: тарихи және әдеби зерттеулер» атты еңбектері елигілігіне ие, қоғамдық сұранысқа сай, заман талаптарына тың серпін беретін, аса құнды еңбектер болып табылады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Ұлттық санадағы мемлекетшілдік пен бірегейлік: тарих жады және әдеби зерттеулер» тақырыбы аясында ғылыми еңбектерінің циклы өзінің аса өзекті мазмұны, көкейкесті мәнімен мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатын ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесінде қосқан үлкен үлесін ескеріп, мемлекеттік сыйлық алуына лайықты деген пікірдеміз.

 

Мақсат Алпысбес,

тарих ғылымдарының докторы,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы Институтының Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі

Комментарии (0)
Оставить комментарий