МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҚҰЖАТ РЕСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

23.11.2023

2023 жылғы 15 қарашада Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы Шымкент қаласындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру, құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеудің қазіргі уақытта қолданыстағы қағидаларымен таныстыру, құжатты сауатты толтыру тәртібін, оларға қойылатын талаптарды жеткізу. «Ісқағаз жүргізу: стандарт, тәжірибе, нәтиже» семинар өткізді.

Қазақстан Республикасында ресми құжаттарды ресімдеудің бірыңғай ережесін ендіру мақсатын көздеп дайындалған арнайы мемлекеттік стандарт бар. Ол тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен бірге жеке меншіктік және ұйымдық-құқықтық формалары қандай екендігіне қарамастан барша ұйымдарда, соның ішінде шетелдіктер қатысуымен жұмыс істейтін заңды тұлғаларда да қолдану үшін жасалған.

Ол – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» қағидалары. Қағидада нақты үлгілер берілген. Сеимнар сонымен кеңінен таныстыруды көздеді.

Семинарға Шымкент қаласындағы аудан әкімдіктері, департамент, басқармалар мен оған қарасты құрылымдық бөлімдердің кадр мамандары, ісқағаз жүргізушілері яғни 100-ге жуық маман қатысты.

Бұл семинарда құжаттама жасау бойынша барынша қажет болар-ау деген маңызды ережелер мен нормалар түсіндірмелерін, жиі кездесетін құжаттардың үлгілерін яғни ресми құжатты жазудағы қазақ тілінің стилдік ерекшеліктері жəне ісқағаз əзірлеуде қойылатын талаптар, ережелер, ресми стильдің орфографиялық нормалары, ісқағаз жазудағы оның стандарт нұсқалары баяндалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген «termincom.kz» сайтынан Мемлекеттік терминология комиссиясының 1971-2023 жылдар аралығында бекіткен терминдер мен атауларын, ал «еmle.kz» сайтынан тіліміздегі сөздердің дұрыс жазу нормалары мен ережелерін алуға болатыны айтылды.

Басқосуды Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Гүлзина Қуанышбекқызы Рустемова жүргізді.

Құнды ақпарат жеткізіп, өз тәжірибесімен бөліскен баяндамашылар:

1. «Мекемеде істер номенклатурасын түзу тәртібі» тақырыбында Шымкент қалалық архиві Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Баян Төреханқызы Шыңғысбекова;

2. «Құжат үлгілерін ресімдеу ережелері» тақырыбында Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының «Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу» курсының мұғалімі Айткүл Әбдімалікқызы Жұмаева;

3. «Ісқағаз ресімдеуге қойылатын талаптар» тақырыбында Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Гүланар Анарбекқызы Қалдыбаева.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

 

Гүланар Қалдыбаева,

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы

 

Комментарии (0)
Оставить комментарий