«ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ: КЕЗЕКТІ САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

06.12.2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» альманағының 2023 жылғы №2 (58) саны жарыққа шықты.

«Тілтаным» айдарын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыповтың «Мемлекеттік тіл құндылығы туралы» мақаласы ашады. Кең толғамды жазбасын автор: «Бұл мәселені көсем сөзбен әдіптеп айтуға да болар, бірақ объективті-ғылыми қырын көрсетуге талпынамыз. Сол әділ болады, бұл жерде әділдің «жүрексіз» деген түпкі мағынасына ден қойып отырмыз», – деп бастап, өзі көтеріп отырған мәселе төңірегінде жан-жақты талдау жасайды.

«Лингвомәдениеттану» бөлігі бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме бөлімінің ғылыми қызметкері Ләйла Демесінованың «Қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі құс архетипінің лингвомәдени сипаты» мақаласымен танысуға болады.

«Тұлғатануда» кесек бітімді, кемел білімді ұлт қайраткерлері бейнесіне қанық болсаңыз, «Аударматану», «Әдістеме», «Талқы» айдарымен берілген материалдардан тіл біліміне қатысты қызғылықты мәліметтерге кезігесіз.

Альманағтың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша  оқи аласыздар: https://tilalemi.kz/tartu/one/1198

Комментарии (0)
Оставить комментарий