«ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРШЫ»: ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

20.12.2023

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Терминологиялық хабаршы» бюллетенінің 2023 жылғы №2 (65) саны жарыққа шықты. Басылымның «Ресмиет» айдары бойынша Республикалық терминология комиссиясының 13 қазан және 1 желтоқсандағы отырысында бекітілген терминдермен танысуға болады.

«Мәселе» айдарында «Биология және зоология саласында жиі қолданылатын кейбір терминдердің қазақ тіліндегі баламалары (таксондық дәрежелер қатары мен дәрежелер атаулары бойынша)» мақала жарық көрген. Бұдан басқа жас ғалым Қ.Қабай қазақ, түрік, орыс тілдерінің негізінде терминнің қалыптасу кезіндегі тілдік менталитеттік көрініс тақырыбында қалам тербейді. Сондай-ақ, экономика саласы терминдерінің өзекті мәселелері сөз болады.

«Көкейтесті» айдарынан «Сөз – халық айнасы», «Тіл және терминология» мақалаларын оқи аласыздар.

Бюллетеннің толық нұсқасымен танысу үшін мына сілтеме бойынша өту керек: https://tilalemi.kz/tartu/one/1216

Комментарии (0)
Оставить комментарий