ЖИНАҚ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
27.12.2023
В избранное
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдарының электронды жинағын жарыққа шығарды.
Бұл жинаққа 2023 жылғы 17 қарашада өткізілген «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары енгізілді. Еңбек ғалымдарға, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ терминология қызықтыратын барлық оқырманға арналған.
Жинақпен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://tilalemi.kz/tartu/one/1217
Комментарии (0)
Оставить комментарий