Қостанайда «Тіл – парасат» атты облыстық байқау өтті

25.04.2018

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19 сәуір күні Достық үйінде мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының арасында «Тіл – парасат» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 17-22 жас аралығындағы жастар қатысты.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және қолдау, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіруді қолдау. Байқау келесі  шарттар бойынша өткізілді:

  • ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау;
  • қазақ тілінде эссе жазу;
  • «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы. Қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй  не болмаса көркем шығарма үзіндісінің қойылымы.

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ахметов қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, барлық сайыскерлерді құттықтады. 

Әулиекөл ауданынан келген Байметов Халмурад «Сөз шебері», Федоров ауданынан келген Сорокина Александра «Шабыт жұлдызы», Меңдіқара ауданынан келген Понкратенко Вера «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болып, дипломдармен және «Сулпак» тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 5 мың көлеміндегі сыйлық сертификаттарымен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша: жүлделі І орынды Амангелді ауданынан келген Терентьева Оксана ие болып, дипломмен және «Сулпак» тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 20 000 теңге көлеміндегі сертификатымен марапатталады. Жүлделі ІІ орынды Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Султаншина Виктория ие болып, дипломмен және «Сулпак» тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 15 000 теңге көлеміндегі сертификатымен марапатталады және ІІІ орынды Рудный қаласынан келген Дорошко Виктория ие болып, дипломмен және «Сулпак» тұрмыстық-техникаларды сату бойынша дүкендер желісінің 10 000 теңге көлеміндегі сертификатымен марапатталады.

Байқауға қатысқан 18 үміткерге «Тіл-парасат» атты облыстық байқауына қатысқандарын растайтын сертификаттар табысталды.    

Комментарии (0)
Оставить комментарий