Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған халықаралық форум өтіп жатыр

26.04.2018

 Астанадағы Ұлттық кітапханада әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Айтматов тағылымы» атты халықаралық форум өтіп жатыр.

«Халықаралық түркі академиясы биылғы жылды Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялаған еді. Бүгінгі форумды қазақ-қырғыз зиялыларының бейресми форумы деп айтуға болады. Себебі, бүгінгі жиынға Қырғызстаннан беделді мемлекет қайраткерлері, беделді ақын жазушылар келіп отыр. Сондықтан бүгінгі жиында Айтматовтың шығармаларымен бірге, Алатаудың екі бетін  бөлісе жайлаған бауырлас халықтарға қатысты пікірлер айтылады», - деп атап өтті Халықаралық Түркі академиясының преизденті Дархан Қыдырәлі форумның ашылуында.

ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Алатауды бірге жайлаған қос елдің достығын нығайту жолындағы еңбектері үшін қырғыз бен қазақ қайраткерлеріне ризашылығын білдірді. «Айтматов шығармаларымен тұтас буын тәрбиеленді. Оның нағыз өмірден алынған кейіпкерлері мен оқиғалары әрбір оқырманға етене жақын. Қаламгер туындыларының өзектілігі қазіргі заманда тіптен арта түседі. Адамның жан дүниесінің тазалығы, ойы мен ісінің үндестігі, табиғатпен үйлесімді болуы - қазіргі уақытта бүкіл адамзаттың алдындағы проблемалар. Терең философиялық мағынасы бар Айтматов туындыларының түпкі идеясы Рухани жаңғыру бағдарламасымен үндесіп жатыр. Осындай ұлы қаламгерді халықаралық деңгейде ұлықтау - тұтас түркі жұртының елдігі мен бірлігіне лайық іс», - деді Аида Балаева халықаралық форум барысында. 

Комментарии (0)
Оставить комментарий