Филология факультетінің студенттеріне Тіл корпусына арналған ғылыми семинар өтті

15.04.2024

Ғылым күніне орай «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы филология факультетінің студенттеріне арнайы онлайн-семинар өткізді.
Ғылыми-танымдық семинарды орталықтың ғылыми қызметкерлері Мадина Серікболсынқызы мен Дана Жаңабекқызы жүргізді. Басқосуда ғылыми орталық әзірлеген заманауи технологиялар мен «Тіл-Қазына» тіл корпусының практикалық ерекшеліктері түсіндіріліп, таныстырылды.
Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың, Шәкәрім университетінен жалпы саны 150-ге жуық студент қатысты.

 
Комментарии (0)
Оставить комментарий